Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте»
- Атауы (қаз.)
- «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 354
- Қабылданған күні
- 10.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.06.2016 95366_Some(99907).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15S0003410
- ЭКБ идентификаторы
- 95366
- Редакция идентификаторы
- 95366_Some(99907)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:25
0 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «10» қыркүйектегі
№ 354 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Мемлекеттік қызметті «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 болып тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды аудандар мен Петропавл қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) қабылдайды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) береді.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын, төлем шоттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) Бөлім кеңсесінің қызметкері өтінімді қабылдап, тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
2 2) Бөлім басшысы өтінімге бұрыштама қойып, Бөлімнің жауапты орындаушысына жолдайды – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3 3) Бөлімнің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарауына ұсынады – 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, пысықтауға қайтарады;
4 4) ВАК Бөлім ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды – 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды;
өскіндердің болуын шолып тексереді – күнтізбелік 14 (он төрт) күннен аспайды;
тексеру қорытындысы бойынша акт жасайды – 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды;
5 5) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі актіні бекітеді – 3 (үш) жұмыс күні;
6 6) ВАК акті мен көрсетілетін қызметті алушылар Бөлімге ұсынған құжаттар негізінде субсидиялар алуға арналған көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін жасайды – 5 (бес) жұмыс күні;
7 7) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді– 2 (екі) жұмыс күні;
8 8) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
ВАК көрсетілетін қызметті алушыны тізімге қосудан бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсете отырып, тиісті анықтаманы береді – 2 (екі) жұмыс күні;
Басқармаға аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі бекіткен тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;
9
9) Басқарманың жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды сәйкестігіне қарай тексереді, көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырып, Басқарманың қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысына қол қоюға жолдайды – 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды;
10 10) Басқарманың қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомоске қол қойып, Басқарма басшысына бекітуге жолдайды – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
11 11) Басқарма басшысы ведомості бекітеді – 1 (бір) жұмыс күні;
12
12) Басқарманың қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы қағаз тасығышта ұсынған жағдайда, төлем шоттарын екі данада қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем шоттарын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды – 1 (бір) жұмыс күні.
6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2 2) өтінімге бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға жолдау;
3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, ВАК-тың қарауына ұсыну;
4 4) көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі, өскіндердің болуы туралы акт;
5 5) бекітілген акт;
6 6) көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі;
7 7) көрсетілетін қызметті алушылардың бекітілген тізімі;
8 8) Басқармаға көрсетілетін қызметті алушылардың бекітілген тізімін ұсыну;
9 9) көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған бекітілген ведомос, Басқарманың қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысына қол қоюға жолдау;
10 10) көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған қол қойылған ведомос және Басқарма басшысына бекітуге жолдау;
11 11) бекітілген ведомос;
12 12) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) Бөлім кеңсесі;
2 2) Бөлім басшысы;
3 3) Бөлімнің жауапты орындаушысы;
4 4) ВАК;
5 5) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі;
6 6) Басқарманың жауапты орындаушысы;
7 7) Басқарманың қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;
8 8) Басқарма басшысы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1 1) Бөлім кеңсесі:
көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап құжаттарды қабылдап, тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2 2) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, ВАК-тың қарауына ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, құжаттар пысықтауға қайтарылады;
3 3) ВАК:
Бөлім ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды – 3 (үш) жұмыс күні;
өскіндердің болуын шолып тексереді – күнтізбелік 14 (он төрт) күн;
тексеру қорытындысы бойынша акт жасайды – 3 (үш) жұмыс күні;
4 4) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі актіні бекітеді – 3 (үш) жұмыс күні;
5 5) ВАК акті мен көрсетілетін қызметті алушылар Бөлімге ұсынған құжаттар негізінде субсидиялар алуға арналған көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін жасайды – 5 (бес) жұмыс күні;
6 6) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні;
7 7) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
ВАК көрсетілетін қызметті алушыны тізімге қосудан бас тартқан жағдайда, бас тарту себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті анықтаманы береді – 2 (екі) жұмыс күні;
Басқармаға аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі бекіткен тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;
8 8) Басқарманың жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды сәйкестігіне қарай тексереді, көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырып, Басқарманың қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысына қол қоюға жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні;
9 9) Басқарманың қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомоске қол қойып, Басқарма басшысына бекітуге жолдайды – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
10 10) Басқарма басшысы ведомості бекітеді – 1 (бір) жұмыс күні;
11
11) Басқарманың қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы қағаз тасығышта ұсынған жағдайда, төлем шоттарын екі данада қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем шоттарын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды – 1 (бір) жұмыс күні.
9
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігін, өзара іс-қимылдарын толық сипаттау, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
60 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың, Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарының тізбесі
1 1. «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 «В»;
2 2. «Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Сыздықов көшесі, 4;
3 3. «Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13;
4 4. «Аққайың ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Народная көшесі, 37;
5 5. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10;
6 6. «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Преснов ауылы, Дружба көшесі, 6;
7 7. «Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56;
8 8. «Қызылжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1;
9 9. «Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5;
10 10. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28;
11 11. «Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197;
12 12. «Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1;
13 13. «Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76;
14 14. «Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35;
15 15. «Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
76 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: