О доступе к информации Қолданыста Заң ·№ 401-V ·16.11.2015
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

12-бап. Ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда ақпаратты орналастыру

О доступе к информации · № 401-V

1. Ақпарат иеленушілер өздері орналасқан үй-жайларда өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерді және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды орналастырады. Қызметі қоғамдық тәртіпті сақтаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты ақпарат иеленушілер өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерге және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарға тәулік бойы еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпарат:
1) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібін қоса алғанда, ақпарат иеленушінің жұмыс тәртібін;
2) ақпарат алу шарттары мен тәртібін;
3) өзге де мәліметтерді қамтиды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-95458/st-12/