О доступе к информации Қолданыста Заң ·№ 401-V ·16.11.2015
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

13-бап. Ашық отырыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету

О доступе к информации · № 401-V

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық атқарушы органдар мен астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстары жабық отырыстарды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың отырыстарын қоспағанда, ашық және ақпарат пайдаланушыларға қолжетімді болып табылады.
2. Қол жеткізу шектелген ақпарат санатына жататын мәселелерді қарау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда отырыстар ақпарат пайдаланушылардың қатысуынсыз жабық режимде өткізілуі мүмкін. Осындай шешім жөнінде ақпарат пайдаланушыларға осы ақпаратты ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, масс-медиада және ақпарат иеленуші орналасқан үй-жайда орналастыру арқылы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беріледі.
3. Ақпарат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы Құрылтайының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына қол жеткізу тәртібі олардың регламенттерінде айқындалады. Ақпарат пайдаланушылардың орталық атқарушы органдар мен астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстарына қол жеткізу тәртібі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бекітетін ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларында айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы органдардың және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының алқалы органдары ашық отырыстарды, оның ішінде интернет-ресурстарда трансляциялауды қамтамасыз етеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-95458/st-13/