Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов

Бұйрық · № 18-05/928 · қабылданған 14.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95470/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов Қолданыста Бұйрық ·№ 18-05/928 ·14.10.2015
25.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-05/928 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов
Атауы (қаз.)
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-05/928
Қабылданған күні
14.10.2015
Көрсетілген редакция
25.09.2025 95470_784691.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012267
ЭКБ идентификаторы
95470
Редакция идентификаторы
95470_784691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:03

0 Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2

2. «Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8644 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 282 (28221) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы
№ 18-05/928 бұйрығымен
бекітілген
Су айдындарына балық жіберу,
су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

2 2. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 3. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарын:

1 1) балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – кәсіпорындар);

2 2) конкурстық негізде балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі –жеке және заңды тұлғалар);

3 3) жануарлар дүниесін пайдаланушылар;

4 4) Заңның 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер).

4 4. Су айдындарына балық жіберу балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) берген ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады.

5

6

6. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе мемлекеттік тапсырыс аясында су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдындарына балық жіберу орнын айқындайды.
Балық жіберілетін орынды түпкілікті келісу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді, ол балық жіберу басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей үш данада жасалады.

7

7. Су айдындарына балық жіберуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11898 болып тіркелген) сәйкес берілген ветеринариялық анықтама болған жағдайда жол беріледі.

8

8. Мемлекеттік кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.
Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстардың ашықтығы мен айқындығы мақсатында олар басталардан кемінде екі жұмыс күні бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақырады.

8-1 8-1. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-2 8-2. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9 9. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар және субъектілер жүргізетін су айдындарына балық жіберу жұмыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аумақтық бөлімше құратын комиссия қабылдайды.

10 10. Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар, жануарлар дүниесін пайдаланушылар, субъектілер аумақтық бөлімшені немесе жергілікті атқарушы органды су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы олар басталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік кәсіпорындардан, жеке және заңды тұлғалардан, жануарлар дүниесін пайдаланушылардан, субъектілерден ақпарат алған күннен бастап комиссия мүшелеріне су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы хабарлайды.
Аумақтық бөлімшелердің өкілдері балық отырғызу материалын түсіру және су айдындарына жіберу кезінде есептеу процестеріне қатысады.

11 11. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу актісімен (бұдан әрі – акт) ресімдейді.

Су айдындарына екі немесе одан да көп партиямен балық отырғызу материалдарымен балық жіберілген жағдайда, акт әрбір партияға ресімделеді.

12 12. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарының қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісін (бұдан әрі – жиынтық актісі) ресімдейді.

13

13. Кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, субъектілер су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу түсірілген электрондық жеткізгіштегі фото- және видеоматериалдар қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.
Су айдындарына балық жіберу жұмыстары аяқтағаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушылар үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу түсірілген электрондық жеткізгіштегі фото- және видеоматериалдар қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.

3 3-тарау. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

14 14. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.

15 15. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар мыналарды қамтиды:

1 1) балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жүргізу, соның ішінде қыс мезгілінде мұз шұңқырларын бұрғылау және мұзойықтарын ою;

2 2) қатты өсімдіктерді шабу;

3 3) балықтардың уылдырық шашу жерлеріне өтуін қамтамасыз ететін түп тереңдету және басқа жұмыстарды жүргізу;

4 4) табиғи уылдырық шашу жерлерін қалпына келтіру және (немесе) жасанды уылдырық шашу жерлерін жайластыру;

5 5) балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын қорғау.

16 16. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.

17 17. Ғылыми ұсынымдарда:

1 1) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу орындылығының негіздемесі мен күтілетін нәтижелердің болжамы;

2 2) су объектілері, су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізу туралы мәліметтер;

3 3) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жүргізу орны, мерзімі, әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныс көрсетіледі.

18

19 19. Су объектілерінің балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарының аяқталуы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен (бұдан әрі – жұмыстардың аяқталуы туралы акті) ресімделеді.

20 20. Аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізгені туралы электрондық жеткізгіште фото және видео материалдары қоса берілген су айдындарына балық жіберудің аяқталуы туралы акті он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

1 Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі
Келісілген күн __________________________________________________
1. Су айдынының (учаскенің) атауы:________________________________
____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан ауданы және басқа да деректер)
2. Балық ресурстарының өсімін молайтуды жүзеге асыратын кәсіпорынның,
жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы: _______________________________
____________________________________________________________________
3. Жоспарланған балық отырғызу материалы туралы мәліметтер ________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Су айдынындағы нақты балық жіберу орны________________________
____________________________________________________________________
(схемада жіберу нүктесін көрсете отырып, отырғызу орнының (учаскесінің) толық сипаттамасы)
Актіге қол қойғандар:

2 Су айдындарына балық жіберу актісі

Су объектілерін балық жіберу,
су обьектілерін балық
шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Су айдындарына балық жіберу актісі
Осы акт 20 __ жылы «__» ______________ жасалынды
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорынның, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, субъектінің атауы _______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу _______________________________________
_______________________________________________________________________
(мемлекеттік тапсырысты орындау, зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)
Балық отырғызу материалының жіберу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының атауы)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының жас мөлшері және түрлік құрамы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының саны және данасының орташа салмағы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Балық отырғызу материалының жай-күйі______________________________
______________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша басқа да мәліметтер (жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу және аяқталу уақыты, судың температурасы, ауаның температурасы, жеткізу кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны)
______________________________________________________________________
Актіге қол қойғандар:
_________________
Лауазымы
_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)
_________________
Лауазымы
_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)
_________________
Лауазымы
_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)
_________________
Лауазымы
_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

3 Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі
р/с

Ба­лық жі­бе­ру уа­қы­ты және акт №
Ба­лық­тар­дың түр­ле­рі
Жас құ­ра­мы және ор­та­ша сал­мақ
Жал­пы са­ны (мың да­на)
Жі­бе­ру ор­ны (су ай­ды­ны­ның aта­уы)
дер­нә­сіл­дер (мың да­на)
бір жаз­ғы­лар (мың да­на)
ор­та­ша сал­мақ (грамм)
екі­жыл­дық­тар (мың да­на)
ор­та­ша сал­мақ (грамм)
1.
2.
Жиы­ны
Комиссия мүшелерінің қолдары:

4 Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі
жұмыстарды жүргізетін ұйымның атауы _________________________________
____________________________________________________________________
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі
жұмыстарды жүргізу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су
айдынының атауы ____________________________________________________
Су объектілеріне балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі келесі
жұмыс түрлері жүргізілді:______________________________________________
____________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының қолы:
Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйымның лауазымды адамының қолы:
Жергілікті атқарушы орган өкілінің қолы:

Қолданыстағы