Құжат мәтініне өту

Об изменении границ (черт) сел КазЦИК, М.Туймебаева Илийского района

Өзге акт · № 49-236 · қабылданған 05.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95489/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об изменении границ (черт) сел КазЦИК, М.Туймебаева Илийского района Қолданыста Өзге акт ·№ 49-236 ·05.10.2015
05.10.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ (черт) сел КазЦИК, М.Туймебаева Илийского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 49-236 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ (черт) сел КазЦИК, М.Туймебаева Илийского района
Атауы (қаз.)
Іле ауданының КазЦИК, М.Түймебаев ауылдарының шекараларын (шектерін) өзгерту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
49-236
Қабылданған күні
05.10.2015
Қолданысқа енгізілген күні
05.12.2015
Көрсетілген редакция
05.10.2015 95489_30899.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DJ003547
ЭКБ идентификаторы
95489
Редакция идентификаторы
95489_30899
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:08

0 Іле ауданының КазЦИК,

М.Түймебаев ауылдарының
шекараларын (шектерін)
өзгерту туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, «Алматы облысы Іле ауданының Байсерке, КазЦИК, Ащыбұлақ ауылдық округтерінің және Боралдай кентінің шекараларын өзгерту туралы» бірлескен 2015 жылғы 27 наурыздағы № 43-247 Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен 2015 жылғы 27 наурыздағы № 156 Алматы облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес және ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. КазЦИК, М.Түймебаев ауылдарының шекаралары (шектері) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:

1 1) Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша М.Түймебаев ауылының шегіне жойылған Первомай ауылдық округінің өнеркәсіп аймағының оңтүстік бөлігінің жалпы көлемі 137,2121 гектар жерлері және Байсерке ауылдық округінің «Первомайские пруды» әскери қалашығының жалпы көлемі 91,4000 гектар жерлері қосылсын;

2

2) КазЦИК ауылдық округі бойынша КазЦИК ауылының шегіне жойылған Первомай ауылдық округінің өнеркәсіп аймағының оңтүстік-батыс бөлігінің жалпы көлемі 232,2432 гектар жерлері, оның ішінде Бережинский Алексей Федорович көшесіндегі № 1-ден № 120-ға дейінгі тұрғын үйлер, сондай-ақ, Боралдай кентінің өнеркәсіп аймағының, әскери қалашығының, оның ішінде, № 03825, № 16194, № 55065 әскери бөлімдерінің, жабық қорымның жалпы көлемі 244,6844 гектар жерлері қосылсын.

2

2. «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қаипов Рауан Талғатұлына осы бірлескен Іле аудандық мәслихатының шешімі мен Іле ауданы әкімдігінің қаулысын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Іле аудандық мәслихаты мен Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы бірлескен Іле аудандық мәслихатының шешімі мен Іле ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Виктор Александрович Файльге жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен Іле аудандық мәслихатының шешімі мен Іле ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы