Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 959 · қабылданған 30.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95518/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 959 ·30.09.2015
30.09.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 959 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
959
Қабылданған күні
30.09.2015
Көрсетілген редакция
30.09.2015 95518_85274.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012256
ЭКБ идентификаторы
95518
Редакция идентификаторы
95518_85274
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:11

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9860 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне 2014 жылы 20 қарашада, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 01 тамызда №145 (28623) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:
12-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

8

«8) тасымалдаушыда (әлеуетті) соңғы 12 ай ішінде шарттық қатынастар жоқ ұйымдардан басқа, тендер өткізетін айдың алдындағы айдың бірінші күніне, бірінші басшылардың мөрлерімен бекітілген, қолдарымен куәландырылған, тасымалдаушы (әлеуетті) мен Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және жолаушылар вагондарын жалға алу, техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді, жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, жолаушыларға жалпы пайдаланудағы үй-жайға қол жеткізу және қызметтерін ұсыну вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтерді көрсететін басқа да теміржол ұйымдарының арасындағы өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі.
Берешек болған жағдайда, басшылардың мөрлерімен, қолдарымен бекітілген, берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын, екі жақты келісім немесе төлем жасау туралы банктің белгісі бар берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмаларының түпнұсқалары;»;
Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2

2. «Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10329 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне 2015 жылы 01 сәуірде, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 13 тамызда №153 (28631) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 1), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аралық - шектес станциялар (аялдау пункттері) арасында орналасқан метрополитен желісінің (трамвай желісі) бөлігі;»;
«3) еңіс – көлденең сызыққа еңісі бар жолдың ұзына бойындағы пішінінің элементі. Төменгі нүктеден жоғарғыға жылжитын жылжымалы құрам үшін еңіс көтерілу, ал кері жылжитынға - түсу болып аталады;
4) жылжымалы құрамның габариті - шегінен шықпай жылжымалы құрам (трамвай вагоны) рельстік жолда орналасатын шекті көлденең (рельстік жол осіне перпендикуляр) кескін;»;
22-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Автоматтық пневматикалық тежегіштер және олардың элементтері белгіленген нормалар бойынша ұсталады, пайдаланудың әртүрлі жағдайларында іс-қимылдардың басқарылуын және сенімділігін, тежеудің бірқалыптылығын, сондай-ақ әуе тежеуіш магистралі бөлінген немесе ажыраған кезде, тоқтату кранын (кранды немесе шұғыл тежеу кнопкасын) ашқан немесе автотоқтатқыштың клапаны үзілген кезде поездың тоқтауын қамтамасыз етеді.»;
31-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Доңғалақ жұптарының мынадай тозулары мен зақымдануларының ең болмағанда біреуі болған кезде жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға жол берілмейді:»;
43-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы рельс желісінің 120 мм-ден астам жоғарлауына жол берілмейді. Қажет болған жағдайларда, Метрополитен басқармасының рұқсатымен басты жолдың қисық учаскелерінде сыртқы рельс желісінің максималды жоғарылауына және 120 мм-ден астам жоғарлауына жол берілуі мүмкін.»;
96-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біріккен тартқыш-азайту қосалқы станциялары серверлік және коммутациялық жабдығының, ПҚАТ құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын токтардың түйіспелі желісі кіруден қорғайтын қорғаныспен қамтамасыз етіледі.»;
Орыс тіліндегі 197-тармаққа өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
198-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталықтандырылмаған электрмен жабдықтау кезінде секциялық изоляторлар мәжбүр болған режимде ток бөлімдерінің есептік нүктелерінде; орталықтандырылған электрмен жабдықтау кезінде – осы қосалқы станцияның қоректендіру ауданының электрлік есептеу нәтижесінде алынған нүктелерде және қалыпты жұмыс режимі үшін түйіспелі желі бойынша қосалқы станциялардың сабақтас барлық қоректендіру желілерінің ток бөлімдерінде орнатылады.»;
199-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«199. Түйіспелі желінің арнайы бөліктерін трасса учаскелерінде 15% кем еңіспен орнату қажет.»;
Орыс тіліндегі 209-тармаққа өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді.
269-тармақтың алтыншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жол қызметі басшылығының хабарламасы бойынша Жол қозғалысы қызметінің бастығы жылдамдықты шектейді (үш тәулік мерзімге дейін) немесе жедел тәртіпте қозғалысты жабады. Қозғалыс жылдамдығын анағұрлым ұзақ шектеу (немесе жабу) қажетті құжаттарды жасаған кезде ресімделеді. Жоспарлы жол жұмыстарын орындау үшін Қозғалыс қызметі технологиялық процеске сәйкес және жолаушылар тасымалы үшін ең аз залалы бар жобалық- сметалық құжаттамамен алдын ала келісілген күндізгі немесе түнгі «терезе» жұмыстарын ұсынады.»;
270-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«270. Жолдарды жабу қажеттілігінде немесе қозғалыстың қысқа мерзімді үзілісінде жол жұмыстарының жетекшісі бір күннен кешіктірмей олардың басталуына дейін Қозғалыс қызметінің (басқармасының) бастығына жөндеуге жататын жолдарды, бағыттағыштарды немесе тораптарды нақты көрсете отырып, жөндеу орындарындағы жолдарды орналастырудың эскизді схемасы қоса берілген өтінімді береді. Қозғалысты жабумен немесе жылдамдықты шектеумен байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізген жағдайда, олардың мерзімдері жұмыс жетекшісімен белгіленеді және Қозғалыс қызметінің бастығымен келісіледі.».

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Көлік комитеті (А.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 2015 жылғы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырудың негізгі талаптары

Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму Министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 959
бұйрығына қосымша
Шығындары бюджет қаражаты есебінен
субсидиялануға жататын әлеуметтік
маңызы бар облысаралық қатынастар
бойынша теміржол жолаушылар
тасымалын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды айқындау
бойынша ашық тендер негізінде конкурс
өткізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
2015 жылғы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырудың негізгі талаптары
р/с №
Поезд №
Әлеуметтік маңызы бар қатынастың атауы
Қашықтығы, км
Қатынаудың кезеңділігі
Вагон типі
Құрамдағы орташа жылдық минималды вагондар саны (ядро) бірл
Құрам саны, бірл
купе
плацкарт
жалпы
Барлығы
кестенің жалғасы
Шығын дардың есепті жос парлы сомасы, мың теңге
Тіркел мелі және тікелей қаты найтын вагон дардың қаты насы, мар шрут
Тіркел мелі және тікелей қаты найтын вагон дардың саны, бірл.
Тіркел мелі және тікелей қаты найтын вагон дардың қаты наудың кезең ділігі
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарына шығындардың есепті жоспарлы сомасы, мың теңге
Ұсынылған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымал-дауға тарифтерді өсірудің шекті деңгейі
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, жоспарлы жолаушылар айналымы, мың жолаушы км
Жолаушылар
поезына
және
станциялардағы
жолаушылар
поездарында
көрсетілетін
қызметтерге
алым
және
төлем
көлемі
теңге
Бір жиы нтық үшін төсек орын ұсыну
Жол жүру
ден бас тар
туға байла
нысты бил
етті қай
тару
Аса жоғары санат
тағы бұрын жөнел
тілетін поезд немесе вагонға билетті қайта ресі
мдеу

Қолданыстағы