О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-3/920
- Қабылданған күні
- 13.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2015 95533_38356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012282
- ЭКБ идентификаторы
- 95533
- Редакция идентификаторы
- 95533_38356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:03
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9615 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызында «Әділет» нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Егемен Қазақстан» газетінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 (28472) санында жарияланған):
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
2
2) «Аңшылық минимумын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 нөмірімен тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 шілдеде, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;