Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей

Бұйрық · № 18-02/923 · қабылданған 14.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95541/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/923 ·14.10.2015
14.10.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/923 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-02/923
Қабылданған күні
14.10.2015
Көрсетілген редакция
14.10.2015 95541_35442.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012276
ЭКБ идентификаторы
95541
Редакция идентификаторы
95541_35442
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:02

0 Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 102-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы
№ 18-02/923 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру,
рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және
спорттық мақсаттар үшін пайдалану
қағидалары

1

1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрi – Кодекс) 102-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және жеке әрі заңды тұлғалардың (бұдан әрi – орман пайдаланушылар) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы тәртiбiн регламенттейдi.
Осы Қағидалардың қолданысы, ерекше қорғалатын орман аумақтарын қоспағанда, мемлекеттiк орман қорына таралады.

2

2. Орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану орман ортасы жағдайында дем алу, емделу, спортпен шұғылдану арқылы адамдардың денсаулығын қалпына келтiру және нығайту, сондай-ақ бiрегей орман ландшафтарын, табиғат, мәдени және тарихи мұра ескерткiштерiн барып көрумен және зерделеумен байланысты туризм үшiн орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалануды көздейдi.

3 3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану ормандағы жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңдерiнде, селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарын, жаңғақ кәсiпшілігi мен орман жемiсi шаруашылығын жүргiзу мүддесi үшiн шектеледі.

4 4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуы Кодекстің 42-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

5 5. Мемлекеттік орман қорының учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшін жеке және заңды тұлғаларға Кодекстің 102-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі.

6

6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық iс-шараларды жүргізу автотұрақтармен, спорт алаңдарымен, туристік бағдарлармен және соқпақтармен, мемлекеттік орман иеленушiнiң рұқсаты бойынша басқа да объектілермен жабдықталған арнайы бөлiнген учаскелерде жүзеге асырылады.

7

7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10751 болып тіркелген) сәйкес үй-жайлар, құрылыстар және басқа да объектiлер салады.

8

8. Ормандардың жай-күйіне әсер ететін құрылыстарды және басқа да объектiлерді орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде орман пайдаланушылар ормандарды сарқынды сулардың, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық тастандылардың, қалдықтар мен қоқыстардың оларға терiс әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шараларды ескереді және жүзеге асырады.

9 9. Сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Кодекстiң 39-41-баптарымен айқындалған тәртіппен және негiздер бойынша тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.

Қолданыстағы