Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей

Бұйрық · № 18-02/923 · қабылданған 14.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95541/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/923 ·14.10.2015
14.10.2015 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/923 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-02/923
Қабылданған күні
14.10.2015
Көрсетілген редакция
14.10.2015 95541_35442.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012276
ЭКБ идентификаторы
95541
Редакция идентификаторы
95541_35442
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:02

0 Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 102-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы
№ 18-02/923 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру,
рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және
спорттық мақсаттар үшін пайдалану
қағидалары

1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрi – Кодекс) 102-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және жеке әрі заңды тұлғалардың (бұдан әрi – орман пайдаланушылар) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы тәртiбiн регламенттейдi.
Осы Қағидалардың қолданысы, ерекше қорғалатын орман аумақтарын қоспағанда, мемлекеттiк орман қорына таралады.

2. Орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану орман ортасы жағдайында дем алу, емделу, спортпен шұғылдану арқылы адамдардың денсаулығын қалпына келтiру және нығайту, сондай-ақ бiрегей орман ландшафтарын, табиғат, мәдени және тарихи мұра ескерткiштерiн барып көрумен және зерделеумен байланысты туризм үшiн орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалануды көздейдi.

3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану ормандағы жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңдерiнде, селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарын, жаңғақ кәсiпшілігi мен орман жемiсi шаруашылығын жүргiзу мүддесi үшiн шектеледі.

4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуы Кодекстің 42-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік орман қорының учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшін жеке және заңды тұлғаларға Кодекстің 102-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі.

6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық iс-шараларды жүргізу автотұрақтармен, спорт алаңдарымен, туристік бағдарлармен және соқпақтармен, мемлекеттік орман иеленушiнiң рұқсаты бойынша басқа да объектілермен жабдықталған арнайы бөлiнген учаскелерде жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10751 болып тіркелген) сәйкес үй-жайлар, құрылыстар және басқа да объектiлер салады.

8. Ормандардың жай-күйіне әсер ететін құрылыстарды және басқа да объектiлерді орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде орман пайдаланушылар ормандарды сарқынды сулардың, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық тастандылардың, қалдықтар мен қоқыстардың оларға терiс әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шараларды ескереді және жүзеге асырады.

9. Сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Кодекстiң 39-41-баптарымен айқындалған тәртіппен және негiздер бойынша тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.

Қолданыстағы