Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства

Бұйрық · № 18-02/891 · қабылданған 06.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95549/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/891 ·06.10.2015
06.10.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/891 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін, оның ішінде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-02/891
Қабылданған күні
06.10.2015
Көрсетілген редакция
06.10.2015 95549_37876.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012246
ЭКБ идентификаторы
95549
Редакция идентификаторы
95549_37876
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:07

0 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін, оның ішінде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 100-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін, оның ішінде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 қазандағы
№ 18-02/891 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн
пайдалану, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының
мұқтаждығы үшiн пайдалану
қағидалары

1

1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)100-бабының 5-тармағына және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2 2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы немесе арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.

3 3. Жалпы табиғат пайдалану тәртiбiмен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектiлерiн табиғи ортадан алмай-ақ ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда жүзеге асырылады.

4

4. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектілерiн табиғи ортадан ғылыми және мәдени-ағарту мақсаттарында аң аулау кезiнде, сондай-ақ жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану үшiн алу арқылы жүзеге асырылады.

5

5. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану кейіннен мемлекеттік орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасында шарт ресімделіп, тендер хаттамасының негізінде Кодекстің 35-бабына сәйкес бекітілетін тәртіппен жүзеге асырылады.

6

6. Аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесiн шаруашылық мақсаттарда, сондай-ақ олардың тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану (тасталған мүйiздердi, мумие жинау, жабайы араларды, құмырсқаларды және басқаларды пайдалану) үшiн мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман пайдаланушыға 1 жылға дейiнгi қысқа мерзiмге беріледi.

7

7. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесi объектiлерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалануды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушi беретiн орман билетi және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты негiз болып табылады.

8 8. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi мен орман ресурстарына нұқсан келтiру мүмкiндiгiне жол бермейтiн тәсiлдермен жүзеге асырылуға тиiс.

9 9. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға мынадай:

1 1) өртке қарсы iс-шаралар жүргiзу, ал орман өртi шыққан жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз ету; оларға орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтау,

2 2) орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаштың заңсыз кесілуіне және Қазақстан Республикасы орман заңнамасының Кодекстің 113-бабында көзделген өзге де бұзушылықтарына жол бермеу;

3 3) Кодекстің 38-бабының 17) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушілерге орман пайдалану үшiн оларға бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабарлау;

4 4) Кодекстің 35-бабына сәйкес бекітілетін Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларында көзделген тәртіппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) бекітілген Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларына сәйкес рұқсатнама құжаттарда белгіленген шарттарды орындау;

5

5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 17-03/362 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7851 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскесiн 10 жылға және одан да ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтiп беру туралы мемлекеттiк орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасындағы шартқа қол қойылғаннан кейiн 2 жылдан аспайтын мерзiмде мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен шаруашылықішілік аңшылық ісінің жобасын мемлекеттiк орман иеленушiге беру;

6

6) орман шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға «Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11800 болып тіркелген) белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтілiп берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік есебін, жануарлар дүниесiнiң кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингін және жануарлар дүниесiнiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат беру талаптары қойылады.

Қолданыстағы