О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 687
- Қабылданған күні
- 09.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2015 95583_157584.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15N0000687
- ЭКБ идентификаторы
- 95583
- Редакция идентификаторы
- 95583_157584
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:41
0 Кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1, 29-1, 43-1-баптарына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Адами ресурстармен жұмыс департаменті:
1 1) осы бұйрықтың көшірмесін 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
2 2) ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 687 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 336-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8936 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 79 (28303) жарияланған);
2
2. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 344/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9032 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 8 (28232) жарияланған);
3
3. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 283 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9013 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 14 қаңтарда жарияланған);
4
4. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) орталық аппараты және аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 275-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9021 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 8 ақпанда № 27 (28251) жарияланған);
5
5. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 353 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9035 болып тіркелді).