Құжат мәтініне өту

Об определении лицензиаров в сфере образования

Қаулы · № 934 · қабылданған 21.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95640/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении лицензиаров в сфере образования Қолданыста Қаулы ·№ 934 ·21.11.2015
01.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении лицензиаров в сфере образования

Қолданыста Қаулы ·№ 934 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении лицензиаров в сфере образования
Атауы (қаз.)
Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
934
Қабылданған күні
21.11.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2025 95640_737182.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000934
ЭКБ идентификаторы
95640
Редакция идентификаторы
95640_737182
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:32

0 Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1

1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті кадрларды даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

2 2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

3 3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері:

бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін бiлiм беру саласындағы қызметке лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;

4 4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.

2 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1 1) «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 311-құжат);

2

2) «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 341-құжат).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 21
қарашадағы № 934
қаулысына
қосымша
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Р/с №
Мем­ле­кет­тік ор­ган
Ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі
Ли­цен­зи­я­ла­на­тын кі­ші қыз­мет тү­рі
Ли­цен­зи­ар
1
2
3
4
5
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті
бі­лім бе­ру қыз­ме­ті
кадр­лар да­яр­лау ба­ғыт­та­ры және оқу ны­сан­да­ры бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лім бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі­нің Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті
кадр­лар да­яр­лау ба­ғыт­та­ры және оқу ны­сан­да­ры бой­ын­ша жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті
бі­лім бе­ру қыз­ме­ті
ді­ни бі­лім бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің Бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті
3
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
бі­лім бе­ру қыз­ме­ті
ба­ста­уыш бі­лім бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету де­пар­та­мент­те­рі
негізгі орта білім беру
жалпы орта білім беру
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну
_________________________

Қолданыстағы