Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Мунайлинского районного маслихата

Өзге акт · № 38/416 · қабылданған 28.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95787/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Мунайлинского районного маслихата Қолданыста Өзге акт ·№ 38/416 ·28.10.2015
27.04.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Мунайлинского районного маслихата

Қолданыста Өзге акт ·№ 38/416 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Мунайлинского районного маслихата
Атауы (қаз.)
Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38/416
Қабылданған күні
28.10.2015
Көрсетілген редакция
27.04.2018 95787_324742.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15MG002893
ЭКБ идентификаторы
95787
Редакция идентификаторы
95787_324742
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:51

0 Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Қызылтөбе ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №30/309 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2706 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда №33-34 (484-485) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) шешіміне:
мемлекеттік тілдегі 2 және 4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«2. «Қызылтөбе селолық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы» 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/165 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-49 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымда №24 (80) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.»;
«4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).»;

2

2) «Қызылтөбе ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №30/310 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2704 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда №33-34 (484-485) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) шешіміне:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. «Қызылтөбе селолық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы» 2009 жылғы 08 мамырдағы №15/166 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-50 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымда №24 (80) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.»;
мемлекеттік тілдегі 4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).».

2 2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау
облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Мұнайлы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Таңатар
28 қазан 2015 жыл.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
Ә. Өтегенов
28 қазан 2015 жыл.

Қолданыстағы