Об определении критериев по выбору видов отчуждения городского коммунального имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения городского коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 10.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2024 95802_739410.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KE003417
- ЭКБ идентификаторы
- 95802
- Редакция идентификаторы
- 95802_739410
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:25
0 Қалалық коммуналдық
мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
2 2. «Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) Қарағанды облысының әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындаған өзге де шаралар қабылдансын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Джанабергеновке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қаражал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «10» қыркүйектегі
№137 қаулысына
қосымша
Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
№
Критерийлер атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды).
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу
2
Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.
сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу
3
Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.
тікелей атаулы сатылым
4
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
сауда-саттықты қор биржасында өткізу
5
Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.
туынды бағалы қағаздарды сату