Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 18-03/947 · қабылданған 26.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95889/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/947 ·26.10.2015
01.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/947 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-03/947
Қабылданған күні
26.10.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2025 95889_736673.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012314
ЭКБ идентификаторы
95889
Редакция идентификаторы
95889_736673
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:53

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қазан
№ 18-03/947 бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесі

1

2

3

4

4. «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары бекітілсін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.».

5

6

6. «Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/44 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10346 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларында:
6-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

7

7. «Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 тіркелген) бұйрығымен бекітілген аңшылық минимумды оқуға мүдделі адамдар қауымдастыққа жеке куәлігінің қағазға басылған нысанында немесе электронды нысандағы көшірмесін қоса тіркеп қауымдастықтың сайтында көрсетілген электронды мекенжайларына, еркін түрде жазылған өтініш береді.»;
7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тестілеуді қауымдастықтың филиалы немесе өкілдігі басшысының бұйрығымен құрылатын кемінде үш адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары (бұдан әрі − комиссия) қағаз тасығышында қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктерінде белгіленген мерзімінде өткізеді.»;
жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша орыс тілінде және 1 және 2-қосымшалар мемлекеттік тілде осы тізбеге 16, 17 және 18-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

8

8. «Дериваттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дериваттар тізбесінде:
3. Жануарлар туындысы бөлімінде:
4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қан».

9

9. «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 сәуірде жарияланған):
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:
15-тармақтың үшінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

10

10. «Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11326 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 маусымда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман күзеті туралы ережедегі барлық абзацтарда:
«бас орман күтушілер» деген сөздер «бас орманшылар» болып, «бас орман күтіушілердің орынбасары» деген сөздер «бас орманшылардың орынбасарлары» болып, «бас орман күтушісі» деген сөздер «бас орманшы» болып, «бас орман күтушінің орынбасары» деген сөздер «бас орманшының орынбасары» болып, «орман күтушісі» деген сөздер «орманшы» болып, «орман күтушінің көмекшісі» деген сөздер «орманшының көмекшісі» болып, «орманшылар» деген сөздер «орман күтушілері» болып жазылсын.

1 Өзгерістер енгізілетін

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

2 Өзгерістер енгізілетін

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Орман тұқымдарын дайындау,
қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану
және олардың сапасын бақылау
жасау қағидаларына
6-қосымша
нысан
Паспорт № _____
20__жылғы _______ массасы __________ (_______________) килограмм
(күні, айы) (жазбаша) (цифрлармен)
_________________________________ орман тұқымы партиясына жасалды.
(тұқымның толық қазақша және латынша түр атауы)

1 1. Осы орман тұқымы партиясын

_____________________________________________________________________________
(бағыныстылығын көрсетіп, осы партияны дайындаған шаруашылықтың атауы)

2 2. Шаруашылықтың мекенжайы және пошта индексі _______________________________

3 3. Электронды поштаның адресі _______________________________________________

4 4. Орман тұқымдарын, жемістер, бүрлер жиналған уақыт ___ 20__жыл ____________

(айы, жылы)

5 5. Орман тұқымы, жеміс немесе бүршік жиналғандарын:__________________________

_____________________________________________________________________________
(орман тұқымы ауданының, кіші ауданының индексі,
_____________________________________________________________________________
мемлекеттік орман иеленуші, орманшылық)
Орман тұқымы объектісінің санаты_____________________________________________
Сортты немесе жаңартылған орман тұқымдар_____________________________________
плантация немесе учаске нөмірі, орам, телім

6 6. Екпелердің, плантацияның, учаскенің таксациялық сипаттамасы:

орманның құрамы__________, бонитеті_____, түрі_______________________________
жас тобы ____________________________________________________________________
(балауса, орта жастағы, пісіп келе жатқан, пісіп жетілген)
Селекциялық топ______________________________________________________________
орман тұқымдарының орман өсіруге құндылылығы_________________________________
(қалыпты, жақсартылған, сортты)
Басқа мәліметтер_____________________________________________________________

7 7. Таулы жағдайлар үшін мыналар көрсетіледі:

1 1) теңіз деңгейінен биіктігі_________________________________________________

2 2) бөктері (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік)_______________________________

8 8. Орман тұқымдарын, жемістерді немесе бүршектерді жаппай дайындау алдында

алқаағаштарға кім және қашан алдын ала тексеру жүргізді
_____________________________________________________________________________

9 9. Бүршіктен орман тұқымдары қандай әдіспен және қашан алынды, бүршік кептіргіштің

түрі, температурасы
_____________________________________________________________________________

10 10. Қылқан жапырақтылар орман тұқымдары қандай әдіспен және қандай механизмді

қолданып қанатсыздандырылды және тазартылды
_____________________________________________________________________________

11 11. Орман тұқымы құрғақ және шырынды жемістерден қандай әдіспен алынды

______________________________, орман тұқымы қандай әдіспен тазартылды
_____________________________________________________________________________

12 12. Орман тұқымдарын тазарту қашан аяқталды _________________________________

(күні, айы, жылы)

13 13. Орман тұқымын қайда сақталуда ___________________________________________

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(егжей-тегжейлі көрсетілсін: арнайы тұқым сақтағышта, ыңғайландырылған,
суық немесе жылы үй-жайда орларда, жертөледе, кенеп жабылып және т.б.)

14 14. Орман тұқымдары қандай ыдыста сақталады _________________________________

(бөтелкеде, қапта, жәшікте немесе басқа ыдыста)

15 15. Орман тұқымдары қандай мақсатта дайындалды ______________________________

_____________________________________________________________________________
(өз шаруашылығында себу үшін, өткізу үшін, тәжірибелік мақсаттар үшін)
Мөр орны Мемлекеттік орман иеленуші
Орман тұқымдарын сақтауға жауапты тұлғаның лауазымы мен қолы.

3 Орман тұқымдары партиясын қалыптастыру, үлгілер сұрыптау және орташа үлгіні құрау ерекшеліктері

Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Орман тұқымдарын дайындау,
қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану
және олардың сапасын бақылау
жасау қағидаларына
9-қосымша
Орман тұқымдары партиясын қалыптастыру, үлгілер сұрыптау және орташа үлгіні құрау ерекшеліктері
Р/с №
Жұмыстардың атауы
Жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері
1
2
3
1.
Орман тұқымдарының партияларын қалыптастыру
Партия біртекті орман тұқымдарынан:
1) түрі немесе түр алуандығы;
2) өсетін орнының жағдайлары;
3) жас топтары (жас балауса, орта жастағы, пісуге жақын, пісіп жетілген);
4) селекциялық санаттары (сортты, жақсартылған, қалыпты);
5) екпелердің шығу тегі (табиғи, жасанды);
6) тұқымды жинау, өңдеу, сақтау тәсілі;
7) түр-түсі, жылтырлығы, иісі және дымқалдану дәрежесі бойынша қалыптастырылады.
Белгілі бір түр орман тұқымдарының әртүрлі партияларын, оның ішінде массасы бойынша шағын партияларын араластыруға болмайды.
2.
Орман тұқымдарының үлгілерін сұрыптау
Үлгі сұрыптау ағаштың түріне және орман тұқымдарының партияларын сақтау жағдайларына байланысты арнайы сүңгілермен (конус, дорба, цилиндр пішінді) немесе қолмен жүргізіледі:
1) үюлі күйінде сақтаулы ұсақ және орташа тұқымдар үшін үлгілер сұрыптау әр қабаттың бес түрлі жерінен (жоғарғы - тереңдігі 10 сантиметр, орташа - үйінді биіктігінің тең жартысы, төменгі - еденнен) жүргізіледі, яғни 15 үлгіден кем болмауы керек;
2) ірі тұқымдар үшін (жаңғақтар, сүйекті жемістер және басқалары) - әр қабаттың он түрлі жерінен 3 үлгіден алады;
3) қаптарда (10 қапқа дейін) сақтаулы сусымалы тұқымдар үшін әр қаптан жоғарғы, орта, төменгі қабаттан бір-бірден кемінде үш үлгі, 10 қаптан көп болған жағдайда - алынған үлгінің тереңдігін алмастыра отырып, әр қаптан бір-бір үлгіден алады;
4) шыны шөлмектерде, темір ыдыстарда, жәшіктерде және басқа да ыдыстарда сақтаулы тұқым партияларынан сүңгілермен немесе қолмен үлгі сұрыптап алу мүмкін болмаған жағдайда тұқымды тегіс жерге төгеді, араластырады, тегістейді және әр ыдыстың тұқымы төгілген жердің әр тұсынан қолмен кемінде бес үлгі сұрыптап алады.
Сұрыптап алынған орман тұқымдар үлгілерін (жеке-жеке) тегіс жерге төгеді, мұқият қарап шығып, партияның біртектілігін анықтау үшін қоқыстануы, иісі, түр-түсі, жылтырлығы және басқа да белгілері бойынша салыстырады. Жекелеген үлгілердің күрт айырмашылықтары болмаған жағдайда оларды бастапқы үлгі етіп біріктіреді, оның массасы орман тұқымдарының орташа үлгісінің он мәрте массасына сәйкес келеді.
Бастапқы үлгіден орман тұқымдары партиясының сапасын анықтау үшін бір орташа үлгіні бөліп алады.
3.
Орман тұқымдарының орташа үлгісін бөліп алу
Орман тұқымдарының орташа үлгісін бөліп алу үшін бастапқы үлгіні тегіс жерге төгеді, араластырады, ұсақ орман тұқымдары үшін қалыңдығы 3 сантиметр дейін және ірі орман тұқымдар үшін 10 сантиметрден астам шаршы түрінде тегістейді, содан соң диагоналдары бойынша 4 үшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы орналасқан үшбұрыштан орман тұқымы алып тасталынады, ал қалғанын біріктіріп, келесі бөлу үшін қайтадан шаршы түрінде тегістейді. Бөлуді белгіленген массаның орташа үлгісін алғанға дейін жүргізеді.
Орман тұқымдарының сұрыптап алынған орташа үлгісін алдын ала суға қайнатып дезинфекцияланған тығыз матадан тігілген таза дорбаға салады, кендір жіппен байлап, орман тұқымы сапасын анықтау үшін паспортын, заттаңбасын және орташа үлгілер сұрыптау актісін қосып, уәкілетті органның мамандандырылған ұйымына жөнелтеді.
Қалыптастырылған партиялардан орман тұқымдарының орташа үлгілерінің дұрыс сұрыпталуына бақылау жасау мақсатында бақылау үлгілері сұрыптап алынады, оларды талдау нәтижелері бойынша орман тұқымдарын дайындаушыға оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Мемлекеттік бақылау» деген белгісі бар орман тұқымы сапасы туралы тиісті құжат беріледі, ал бұдан бұрын берілген орман тұқымы сапасы туралы құжаттар мемлекеттік бақылау үлгілерінің сұрыпталуымен бір мезгілде алып қойылады.
4.
Орман тұқымдарының ылғалдылығын анықтау үшін үлгілер құрау
Орман тұқымдарының ылғалдылығын анықтау үшін үлгіні бастапқы үлгі орман тұқымының қалдығынан дәл осылай құрайды.
Сұрыптап алынған үлгіні таза, құрғақ ыдысқа салады, оны орман тұқымдары әбден толтырылғаннан кейін аузын тығынмен нығыздап жабады да, сүргіш, балауыз немесе парафин құяды. Орман тұқымдарының орташа үлгісін ылғал өткізбейтін пленкадан жасалған сыйымдылығы кемінде 0,5 дециметр3 қапқа салуға болады, қаптың жиектері онда барынша аз ауа қалдыра отырып, ыстық әдіспен жабылады немесе мықтап байланады, содан кейін дәл осындай екінші қапқа салынып, ауызы тығыз байлап тасталады. Заттаңбаның бір данасы ыдыстың немесе қаптың ішіне салынады, екіншісін сыртына желімдейді.

Қолданыстағы