Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 324
- Қабылданған күні
- 04.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2022 95922_572487.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SK003482
- ЭКБ идентификаторы
- 95922
- Редакция идентификаторы
- 95922_572487
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:45
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсанда 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Мынадай тәртіп ақындалсын:
1
1) үйде оқытылатын кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі;
1 2) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзімі аяқталғанына дейін өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
2
3) шығындарды өндіріп алу қаржыландыруға сәйкес ағымдағы тоқсан үшін жүргізіледі. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3
3. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 275 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 маусымдағы № 3272 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Тайынша таңы» аудандық газетінде, 2015 жылғы 26 маусымда «Тайыншинские вести» аудандық газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.