О признании утратившими силу некоторых приказов Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 09.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2015 95990_145753.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15T0000176
- ЭКБ идентификаторы
- 95990
- Редакция идентификаторы
- 95990_145753
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:41
0 Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
кейбір бұйрықтарының
күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналардың:
1
1) «Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 тамыздағы № 207 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6453 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311);
2
2) «Еңбек бойынша есеп» 1-Е статистикалық нысанына 2-қосымша» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 276 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6577 болып тіркелген);
3
3) «Еңбек бойынша есеп» 1-Е статистикалық нысанына 2-қосымша» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Рсепубликасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 1 қарашадағы №305 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8127 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған 2013 жылғы 15 мамырдағы № 126 (28065)) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты бес жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСЕМІН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 30 қараша