О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 359
- Қабылданған күні
- 19.11.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2015 96012_36921.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15GG000359
- ЭКБ идентификаторы
- 96012
- Редакция идентификаторы
- 96012_36921
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:33
0 Аудан әкімдігінің кейбір
қаулыларының күшін
жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2
2. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлы жүктелсін.
4 Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 19
қарашадағы № 359 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі
1 1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімиятының 2003 жылғы 4 ақпандағы «Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы» № 1 қаулысы. (Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 17 наурызда № 873 болып тіркелді).
2
2. Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімиятының 2004 жылғы 3 наурыздағы «2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру туралы» № 27 қаулысы. (Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылы 2 сәуірде № 1298 болып тіркелді).
3 3. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 ақпандағы «2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 31 Қаулысы. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 13 наурызда № 45 болып тіркелді).
4
4. Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімиятының 2009 жылғы 15 шілдедегі «Азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» № 205 Қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 20 тамызда №47 нөмірімен тіркелді)
5.Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 09 наурыздағы «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу турал» № 78 Қаулысы. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 30 наурызда № 6-7-64 нөмірімен тіркелді).
6 6. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы «Мойынқұм ауданында 2011 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 82 Қаулысы. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 сәуірде № 6-7-67 нөмірімен тіркелді).
7
7. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 90 қаулысы. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 28 сәуірде 6-7-68 нөмірімен тіркелді).
8 8. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» №336 Қаулысы. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 21 желтоқсанда №6-7-74 нөмірімен тіркелді).
9 9. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы «2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 344 Қаулысы. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда №6-7-76 нөмірімен тіркелді).
10
10. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі «2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында Мойынқұм ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 131 қаулысы. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 мамырда №6-7-81 нөмірімен тіркелді.)
11
11. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 232 қаулысы. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 тамызда 6-7-86 нөмірімен тіркелді)
12 12. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы «2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 63 қаулысы. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 наурызда №1902 нөмірімен тіркелді
13
13. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі «Ауыл және ауылдық округ әкімдерінің кандидаттарына таңдаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» № 215 қаулысы. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 30 шілдеде № 1984 болып тіркелді)
14 14. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы «2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 9 қаулысы. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 5 наурызда № 2121 болып тіркелді)
15 15. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы «Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы» № 322 қаулысы. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 2439 болып тіркелді)
16
16. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі «Мойынқұм ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» №275 қаулысы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қазандағы № 2802 болып тіркелді)