О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата района
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 09.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2015 96013_34182.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15TF00337A
- ЭКБ идентификаторы
- 96013
- Редакция идентификаторы
- 96013_34182
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:41
0 Аудан әкімдігінің кейбір
қаулыларының күшін жою
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Шамұратовқа жүктелсін.
4 Индер ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «09» қарашадағы
№ 337 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1 1. Атырау облысы Индер аудандық әкімиятының 2007 жылғы 26 қарашадағы №268 «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қаңтарда №4-6-62 тіркелді);
2
2. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі №240 «Индер ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда №4-6-88 тіркелді);
3 3. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №183 «Индер ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте №4-6-107 тіркелді);
4 4. Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы №170 «2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 маусымдағы №4-6-132 тіркелді);
5
5. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 89 «Индер аудандық мәслихат депутаттығына №2 сайлау округі бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 наурызда №2871 тіркелді);