О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата района
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 09.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2015 96013_34182.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15TF00337A
- ЭКБ идентификаторы
- 96013
- Редакция идентификаторы
- 96013_34182
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:41
0 Аудан әкімдігінің кейбір
қаулыларының күшін жою
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Шамұратовқа жүктелсін.
4 Индер ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «09» қарашадағы
№ 337 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Атырау облысы Индер аудандық әкімиятының 2007 жылғы 26 қарашадағы №268 «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қаңтарда №4-6-62 тіркелді);
2. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі №240 «Индер ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда №4-6-88 тіркелді);
3. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №183 «Индер ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте №4-6-107 тіркелді);
4. Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы №170 «2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 маусымдағы №4-6-132 тіркелді);
5. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 89 «Индер аудандық мәслихат депутаттығына №2 сайлау округі бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 наурызда №2871 тіркелді);