Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 911 · қабылданған 13.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96032/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 911 ·13.11.2015
13.11.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 911 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
911
Қабылданған күні
13.11.2015
Көрсетілген редакция
13.11.2015 96032_85771.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000911
ЭКБ идентификаторы
96032
Редакция идентификаторы
96032_85771
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:37

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық карантиндік зертхана» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық жеміс-жидек дақылдарының интродукциялық-карантиндік питомнигі» республикалық мемлекеттік мекемесін және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мекеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – орталық) болып қайта аталсын.

3 3. Орталық қызметінің негізгі мәні өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету болып айқындалсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) орталық жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 911 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 10-құжат):

1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

2 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы

6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі.»;
5 және 6-тармақтар алып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы

2 наурыздағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 82-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі.»;
5 және 7-тармақтар алып тасталсын.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы

28 ақпандағы № 205 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2008 ж., № 11, 114-құжат):
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі.»;
5 және 7-тармақтар алып тасталсын.

5 5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы

15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде» деген 8-бөлімде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
3)
«Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ
92
»;
4) және 6) тармақшалар алып тасталсын.

Қолданыстағы