Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Өзге акт · № 324 · қабылданған 23.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96144/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 324 ·23.11.2015
14.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 324 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
324
Қабылданған күні
23.11.2015
Көрсетілген редакция
14.10.2021 96144_544590.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NM006045
ЭКБ идентификаторы
96144
Редакция идентификаторы
96144_544590
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:31

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

2 2. Мыналар:

1 1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;

2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.

3

3. Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 145 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген, 2013 жылғы 18 қарашада «Қарасу өңірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Қарасу ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ А. Ерменова
2015 жылғы 23 қараша
«Қарасу ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндет атқарушысы
_________________ А. Қазиев
2015 жылғы 23 қараша

Қолданыстағы