Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования отрасли животноводства

Қаулы · № 366 · қабылданған 11.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96186/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования отрасли животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 366 ·11.12.2015
14.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования отрасли животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 366 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования отрасли животноводства
Атауы (қаз.)
Мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
366
Қабылданған күні
11.12.2015
Көрсетілген редакция
14.11.2017 96186_255030.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15T0003392
ЭКБ идентификаторы
96186
Редакция идентификаторы
96186_255030
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:07

0 Мал шаруашылығы саласын

субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы» Заңының 27, 37-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9987 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімінің өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандатуға, шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері;

2

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандатуға, шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары бекітілсін.

2

2. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №57 «Мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3149 болып тіркелген, 2015 жылы 21 сәуірдегі «Атырау» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И.Дүйсембаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «11» желтоқсандағы
№366 қаулысына
1 – қосымша
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы
«11» желтоқсандағы
№366 қаулысымен бекітілген
Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандатуға, шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
1 басқа субсидия нормативі,
теңге
1
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеу
4471 теңгеге дейін
2
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қой малының аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеу
854 теңгеге дейін
3
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандату
3.1
сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы
59 887 теңгеге дейін
3.2
ет бағытындағы асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған ірі қара малдың аналық басы
31 101 теңгеге дейін
3.3
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған аналық қой басы
2 877 теңгеге дейін
3.4
сүт бағытындағы аналық ешкі басы
29 640 теңгеге дейін
3.5
асыл тұқымды жылқылар
5 046 теңгеге дейін
3.6
асыл тұқымды түйелер
7 092 теңгеге дейін

8 Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «11» желтоқсандағы
№366 қаулысына
2 – қосымша
Атырау облысы әкімдігінің 2015
жылғы «11» желтоқсандағы
№366 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін арзандатуға, шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары

Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1.Зоотехникалық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пункттерінің болуы;
2.Арнайы дайындық курстарынан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.
2
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларды дайындау және сатып алу бойынша шығындарды 100 %-ға дейін арзандату
сүт бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық басы
1. ағымдағы жылғы 1 қаңтардан меншігінде сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 300 бастан, орташа жылдық сауын сиыр 240 бас, бір сиырдан орташа сауым 2500 кг кем емес;
2. малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу;
3. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
ет бағытындағы асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық басы
1.мүйізді ірі қара аналық мал басының тұқымдық түрлендіруге қатысуы;
2.ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігінде сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 30 бастан кем емес болуы;
3. малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу;
4. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған аналық қой басы
1.тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлар;
2.ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі қойдың аналық басы 300 – ден кем емес болуы;
3.қойларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлардың болуы;
4.малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу;
5.ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
сүт бағытындағы аналық ешкі басы
1.ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі ешкінің аналық басы 300 – ден кем емес болуы;
2.ешкіні күтіп-бағуға арналған қора-жайлардың болуы;
3.малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру базасында тіркеу;
4.ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
асыл тұқымды жылқылар
1.ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі жылқының 75 бастан кем емес болуы;
2.малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру базасында тіркеу;
3.ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс- шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
асыл тұқымды түйелер
1.ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі түйенің 75 бастан кем емес болуы;
2.малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру базасында тіркеу;
3.ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу

Қолданыстағы