О снятиии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятиии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс шараларын алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 11.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2015 96213_37496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15CJA0038A
- ЭКБ идентификаторы
- 96213
- Редакция идентификаторы
- 96213_37496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:39
0 Шектеу іс шараларын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармағына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2015 жылғы 11 қарашадағы № 14-01/212 ұсынысы негізінде Темір қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Темір қаласына қарасты Жамбыл ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлы іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2
2. Темір қаласы әкімінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 25 «Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» (номативтік құқықтық актілерді мемлекеттіктіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген, 2014 жылғы 19 қыркүйек «Темір» газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 15 қыркүйек айында ресм жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.