Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно на территории Баянаульского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно на территории Баянаульского района
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 216/11
- Қабылданған күні
- 20.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2015 96447_63902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PE004848
- ЭКБ идентификаторы
- 96447
- Редакция идентификаторы
- 96447_63902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:32
0 Баянауыл ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету және спорттық инфрақұрылымға қол жеткізу мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Баянауыл ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Б.К. Тоғжігітоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Баянауыл ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі
Баянауыл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «20» қарашадағы
№ 216/11 қаулысына
қосымша
Баянауыл ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының
тізбесі
№
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1.
7 жасқа дейінгі балалар
тегін
2.
Көп балалы отбасыларынан оқушы -балалар
тегін
3.
Балалар үйінен оқушы -балалар
тегін
4.
Спорт ардагерлері
тегін
5.
Оқушылар
тегін
6.
Студенттер
тегін
7.
Зейнеткерлер
тегін
* Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.