Об утверждении формы прокатного удостоверения на фильм
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы прокатного удостоверения на фильм
- Атауы (қаз.)
- Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 366
- Қабылданған күні
- 30.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2019 96454_399224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012460
- ЭКБ идентификаторы
- 96454
- Редакция идентификаторы
- 96454_399224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:22
0 Фильмге прокаттау куәлігінің
нысанын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-2 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес фильмге прокаттау куәлігінің нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
3 3) осы бұйрықты оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
0 Фильмге прокаттау куәлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 30 қарашадығы
№ 366 бұйрығына
қосымша
нысан
Фильмге прокаттау куәлігі
Фильмнің атауы: ________________________________________________
Шығарушы ел: __________________________________________________
Шығарушы студия: ______________________________________________
Шыққан жылы: _________________________________________________
Фильмнің форматы: _____________________________________________
Фильмнің хронометражы: ________________________________________
Сценарий авторы (лары): _________________________________________
Қоюшы-режиссер (лер): __________________________________________
Қоюшы-оператор (лар): __________________________________________
Қоюшы-суретші (лер): ____________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы (лары): ____________________________
Продюсер (лер): _________________________________________________
Фильмнің сериялар саны: _________________________________________
Фильмнің жанры: ________________________________________________
Фильмнің тілі, фильмнің дубляждау тілдері (бар болса): _______________
Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі (индексі): ______________
Түрі:____________________________________________________________
________________________________________ аумағында фильмге құқық
_________________________________________________________ тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: _____________________________
Фильмді пайдалану құқығының қолданылу мерзімі: __________________
Көрермендердің жас шегіне қарай фильмнің индексі:__________________
_____________________________________
(уәкілетті адамның тегі мен инициалдары)
Уәкілетті адамның электрондық қолтаңбасы
______________________________________