Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Петропавловска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Петропавловска
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2052
- Қабылданған күні
- 17.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2015 96455_36313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SA003502
- ЭКБ идентификаторы
- 96455
- Редакция идентификаторы
- 96455_36313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:34
0 Петропавл қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан Петропавл қаласы, 5-ші Сенная көшесі, № 69, № 71 үйлер мекен-жайында орналасқан тұрғын үйлер пәтерлеріндегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
2. «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін белгіленген төлемақыны ескерумен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын жасасын.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 Петропавл қаласы әкімдігінің
2015 жылғы « 17 » қараша
№ 2052 қаулысына
қосымша
Петропавл қаласы, 5-ші Сенная көшесі, № 69, № 71 үйлер мекен-жайында орналасқан тұрғын үйлер пәтерлеріндегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 шаршы метрге төлемақы мөлшері
Петропавл қаласында азаматтардың барлық санаттары үшін жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері айына мына формула бойынша есептеледі:
А=Ц/Т/12, мұндағы
А – азаматтардың барлық санаттары үшін жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метрге теңгемен);
Ц – тұрғын үйдің жалпы ауданының бір шаршы метрін салу құны (теңгемен);
Т – 1.04-26-2004 ҚР СН сәйкес ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (жыл):
Жылжымайтын объектілер:
5-ші Сенная көшесі, 69 үй
(428 546 704:4738,9):125:12=60,2 тг/м2
Петропавл қаласы, 5-ші Сенная көшесі, 69 үй мекен-жайында ораналасқан тұрғын үй пәтерлеріндегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшері айына бір шаршы метрге 60 теңге 2 тиынды құрайды.
Жылжымайтын объектілер:
5-ші Сенная көшесі, 71 үй
(428 608 556:4980,0):125:12=57,3 тг/м2
Петропавл қаласы, 5-ші Сенная көшесі, 71 үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үй пәтерлеріндегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшері айына бір шаршы метрге 57 теңге 3 тиынды құрайды.