Об утверждении формы учета коллективных трудовых споров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы учета коллективных трудовых споров
- Атауы (қаз.)
- Ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 906
- Қабылданған күні
- 30.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2015 96472_39033.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012458
- ЭКБ идентификаторы
- 96472
- Редакция идентификаторы
- 96472_39033
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:20
0 Ұжымдық еңбек дауларын
есепке алу нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 16-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 906 бұйрығымен бекітілген
Ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысаны
№ п/п
Жұмыс берушінің атауы
Жұмыс берушіге қызметкерлердің талаптары бойынша жазбаша хабарлама берілген күн
Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану бойынша талаптары
Ұжымдық еңбек дауына қатысушы қызметкерлердің саны
Жұмыс берушінің қызметкерлердің қойған талаптарын қарау күні және оның нәтижесі
Татуаластыру коммисиясының құрылған күні және оның шешімі
Еңбек төрелігінің құрылған күні және оның қарау нәтижесі
Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау күні және оның нәтижесі
Ереуілдің өткізілген күні және оның нәтижесі
1
2
3
4
Барлығы