Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления испытательного срока до одного года для лиц, впервые поступающих на службу в органы прокуратуры Республики Казахстан

Бұйрық · № 130 · қабылданған 16.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96475/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления испытательного срока до одного года для лиц, впервые поступающих на службу в органы прокуратуры Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 130 ·16.11.2015
04.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления испытательного срока до одного года для лиц, впервые поступающих на службу в органы прокуратуры Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 130 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления испытательного срока до одного года для лиц, впервые поступающих на службу в органы прокуратуры Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеу Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
130
Қабылданған күні
16.11.2015
Көрсетілген редакция
04.05.2020 96475_460912.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012415
ЭКБ идентификаторы
96475
Редакция идентификаторы
96475_460912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:36

0 Қазақстан Республикасының

прокуратура органдарына
қызметке алғаш тұратын
адамдар үшін бір жылға
дейін сынақ мерзімін
белгілеу Қағидасын
бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеу Қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

4 4. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының
2015 жылғы «16» қарашадағы
№ 130 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына
қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға
дейін сынақ мерзімін белгілеу
Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеудің осы Қағидасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі –Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін сынақ мерзімін белгілеудің тәртібін реттейді.

2 2. Сынақ мерзімін белгілеу тәртібі

2 2. Сынақ мерзімі прокуратура органдарына алғашқы рет қабылданған тұлғалардың орналасқан лауазымға сәйкес келуін тексеру мақсатында белгіленеді.

3 3. Прокуратура органдарына алғашқы рет қабылданған тұлғалар үшін сынақ мерзімінің ұзақтығы мынадай тәртіпте белгіленеді:

нақты лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша үш жыл және одан жоғары жұмыс (қызмет) өтілі бар тұлғалар үшін – алты ай;
мамандығы бойынша үш жылға дейін жұмыс (қызмет) өтілі бар тұлғалар үшін – бір жыл.

4 4. Сынақ мерзімінің ұзақтығы прокуратура органы басшысының немесе прокуратура органы басшысының уәкілетті тұлғасының лауазымға тағайындау туралы бұйрығымен белгіленеді. Өзіне қатысты сынақ белгіленген тұлға сынақ мерзімін белгілеу тәртібімен және лауазымға тағайындау туралы бұйрықпен таныстырылады.

5

5. Сынақ мерзімінен өту кезеңінде тұлға жұмыста жоғары жетістіктерге жеткен кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен немесе оның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшесінің басшысының немесе прокуратура органы басшысының дәлелді ұсынысы негізінде сынақ мерзімі қысқартылады.

6

6. Сынақ мерзімі аяқталған соң прокуратура органының кадр қызметі тікелей басшысының қорытындысы (ұсынысы) негізінде прокуратура органының басшысына немесе прокуратура органы басшысының уәкілетті тұлғасына ол тұлғаның прокуратура органдарында одан әрі қызмет атқаруының дұрыстығы туралы ұсыныс енгізеді.

7 7. Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін тұлғаның орындауға қабілетсіз екенін бекітетін барлық фактілер оның тікелей басшысымен жазбаша бекітіледі және сынақтан өтуідің нәтижесі туралы ұсыныстар көрсетіледі.

8 8. Сынақ мерзімі ішінде байқалған тұлғаның прокуратура органдарындағы қызметке жарамсыздығы Заңның 80-бабына сәйкес оны прокуратура органдарынан шығаруға негіз болып табылады.

Қолданыстағы