Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня должностных лиц уполномоченных органов внешнего государственного аудита и финансового контроля, имеющих доступ к сведениям, составляющим налоговую тайну

Қаулы · № 15-НҚ · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96516/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Перечня должностных лиц уполномоченных органов внешнего государственного аудита и финансового контроля, имеющих доступ к сведениям, составляющим налоговую тайну Күшін жойған Қаулы ·№ 15-НҚ ·30.11.2015
11.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня должностных лиц уполномоченных органов внешнего государственного аудита и финансового контроля, имеющих доступ к сведениям, составляющим налоговую тайну

Күшін жойған Қаулы ·№ 15-НҚ · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня должностных лиц уполномоченных органов внешнего государственного аудита и финансового контроля, имеющих доступ к сведениям, составляющим налоговую тайну
Атауы (қаз.)
Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15-НҚ
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
11.08.2018 96516_351020.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012445
ЭКБ идентификаторы
96516
Редакция идентификаторы
96516_351020
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:22

0 Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге

рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік
аудит және қаржылық бақылау
уәкілетті органдары лауазымды
адамдарының тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Республикалық бюджеттің атқарылуын

бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2015 жылғы 30 карашадағы № 15-НҚ
нормативтік қаулысымен бекітілген
бекітілген
Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге
рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік
аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары
лауазымды адамдарының тізбесі

1 1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

1 1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері.

2 2. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары және олардың орынбасарлары.

3 3. Ішкі аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы және оның орынбасарлары.

4 4. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік аудит топтарының жетекшілері, бас консультант-бас мемлекеттік аудиторлары.

2 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары

1 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының мүшелері.

2 2. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары.

3 3. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің бас инспектор-бас мемлекеттік аудиторлары, бас маман-бас мемлекеттік аудиторлары.

4 4. Ішкі аудитті және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бас инспекторлары және бас мамандары.

Қолданыстағы