Об утверждении Правил о порядке определения размеров подписных бонусов в контрактах на недропользование в Атырауской области по общераспространенным полезным ископаемым
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил о порядке определения размеров подписных бонусов в контрактах на недропользование в Атырауской области по общераспространенным полезным ископаемым
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарындағы жазылу бонусының мөлшерін анықтау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 132
- Қабылданған күні
- 09.04.2001
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2009 9658_275462.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V01T000499_
- ЭКБ идентификаторы
- 9658
- Редакция идентификаторы
- 9658_275462
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:53
0 Атырау облысында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарындағы жазылу бонусының мөлшерін анықтау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 № 15 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қазандағы № 1575 қаулысымен түзетулер мен қосымшалар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қыркүйектегі № 1330 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану келісімін жасағанда жазылу бонусын анықтау және коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібінің 1-1 -тармағына сәйкес және 1999 жылғы 11 мамырдағы N 381-1 ҚРЗ мен 1999 жылғы 11 тамыздағы N 4674 ҚРЗ түзетулер мен қосымшалар енгізілген Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 жарлығының 9-бабының негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Атырау облысында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарындағы жазылу бонусының мөлшерін анықтау тәртібі туралы Ереже бекітілсін (жалғанды).
2 2. Облыстық экономика басқармасына кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта барлау және (немесе) өндіру келісім-шарттарының жобасын әзірлеуде бекітілген Ережені басшылыққа алсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсін.
4 Атырау облысы әкімінің
2001 жылғы 10 сәуірдегі
№ 132 шешімімен бекітілген
Атырау облысында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша
жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарындағы жазылу
бонусының мөлшерін анықтау тәртібі туралы Ережелер
1 1. Осы ережелер кең таралған пайдалы қазбалар бойынша (алға қарай КПҚ) жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарындағы жазылу бонусының мөлшерін анықтау тәртібін белгілейді.
2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қыркүйектегі № 1330 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану келісімін жасағанда жазылу бонусын анықтау және коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі" 1-1 тармағына сәйкес, 2000 жылғы 20 қазандағы № 1575 түзетулерімен және қосымшаларымен, жазылу бонусының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе Құзыретті орган, болмаса тендер өткізу шарттары бойынша анықталады.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 жарлығының 9-бабының 5-тармағына сәйкес 1999 жылғы 11 мамырдағы № 381-1 ҚРЗ және 1999 жылғы 1999 жылғы 11 тамыздағы № 4674 ҚРЗ түзетулерімен, қосымшаларымен қорытынды, тіркеме және КПҚ бойынша келісім-шарттың орындалуы облыстың атқарушы органдары құзырында болады. Атырау облысы әкімінің 2000 жылғы 2 қарашадағы № 578 өкіміне сәйкес Атырау облысының КПҚ бойынша Құзыретті органы Атырау облыстық экономика басқармасы болып табылады.
3
3. Келісімдегі жазылу бонусының ақырғы мөлшері жер қойнауын пайдаланушыларымен Құзыретті органның келіссөз жүргізу барысында, бастапқы мөлшерінен алғанда экономикалық құндылығына және басқа (таукен- геологиялық, климаттық, инфрақұрылымының кемелді дамуы, ЖПҚ қорының мөлшеріне) кен орнына экономикалық жағдайына тікелей немесе жанама әсер ететін факторларына салықтық сараптама жүргізу арқылы белгіленеді.
4 4. Жазылу бонусының мөлшері Келісім-шарттың түріне қарай мынадай болып белгіленеді:
4.1 КПҚ барлауға келісім-шарт үшін жазылу бонусының бастапқы мөлшері 200 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленеді.
4.2 КПҚ барлауға және өндіруге бірлескен келісім-шарт үшін жазылу бонусының бастапқы мөлшері 400 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленеді.
4.3 КПҚ өндіруге келісім-шарт үшін жазылу бонусының бастапқы мөлшері 600 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленеді.