Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 43/01
- Қабылданған күні
- 12.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2015 96618_Some(38017).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KD003525
- ЭКБ идентификаторы
- 96618
- Редакция идентификаторы
- 96618_Some(38017)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:38
0 Мүгедектерді қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті
шарттармен пайдаланатын
азаматтар санаттарының
тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер
мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48 бабын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 «Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11322 болып тіркелді) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
4 Балқаш қаласы әкімдігінің
«12» қараша 2015 жылғы
№ 43/01 қаулысына қосымша
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын
азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер
мөлшері
р/с №
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасыларының оқушы-балалары
Тегін
3
Балалар үйлерінің оқушы -балалары
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
7
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
Ескертпе: осы тізбе Балқаш қаласының аумағында орналасқан мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.