Құжат мәтініне өту

О снятии карантина на территории села Актобе Актобинского сельского округа

Қаулы · № 46/02 · қабылданған 27.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96626/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О снятии карантина на территории села Актобе Актобинского сельского округа Қолданыста Қаулы ·№ 46/02 ·27.11.2015
27.11.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии карантина на территории села Актобе Актобинского сельского округа

Қолданыста Қаулы ·№ 46/02 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии карантина на территории села Актобе Актобинского сельского округа
Атауы (қаз.)
Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе селосының аумағынан карантин іс-шараларын алу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
46/02
Қабылданған күні
27.11.2015
Көрсетілген редакция
27.11.2015 96626_Some(48119).kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G15KK04602A
ЭКБ идентификаторы
96626
Редакция идентификаторы
96626_Some(48119)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:24

0 Ақтөбе ауылдық округінің

Ақтөбе ауылының аумағынан
карантин іс-шараларын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 10-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және 2015 жылғы 23 қарашадағы №06-3-02-33/802 «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлы іс-шараларды жүргізуіне байланысты Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылының аумағынан белгіленген карантин алынсын.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №09/01 «Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде №2562 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 наурыздағы №11 (1045) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 25 сәуірде жарияланған);

2

2) Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы №32/03 «Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №09/01 «Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде №3396 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйектегі №37 (1123) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 14 қыркүйекте жарияланған).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.

Қолданыстағы