Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы отчета оператора в сфере грантового финансирования неправительственных организаций о результатах его деятельности

Бұйрық · № 403 · қабылданған 22.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96648/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы отчета оператора в сфере грантового финансирования неправительственных организаций о результатах его деятельности Қолданыста Бұйрық ·№ 403 ·22.12.2015
31.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы отчета оператора в сфере грантового финансирования неправительственных организаций о результатах его деятельности

Қолданыста Бұйрық ·№ 403 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы отчета оператора в сфере грантового финансирования неправительственных организаций о результатах его деятельности
Атауы (қаз.)
Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
403
Қабылданған күні
22.12.2015
Көрсетілген редакция
31.08.2022 96648_591552.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012633
ЭКБ идентификаторы
96648
Редакция идентификаторы
96648_591552
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:47

0 Үкіметтік емес ұйымдарды

гранттық қаржыландыру саласындағы
оператордың өз қызметінің нәтижелері
туралы есебінің нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 403 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
1. Гранттарды орналастыру есебі кезеңінің басталу және аяқталу күні:
__________________________________________________________________.
2. Есепті кезеңде орналастырылған гранттар бағыттарының саны:
__________________________________________________________________.
3. Есепті кезеңде іске асырылған гранаттар саны:
__________________________________________________________________.
4. Есепті кезеңде іске асырылған гранттар саласы:
__________________________________________________________________.
5. Гранттарды іске асыруға есепті кезеңде мемлекеттік көздерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы:
__________________________________________________________________.
6. Гранттарды іске асыруға есепті кезеңде бюджеттен тыс көздерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы:
__________________________________________________________________.
7. Есепті кезеңде қазақстандық ұйымдардың қатарынан гранттарды іске асыруға тартылған әріптестер туралы
ақпарат (жалпы саны, ұйымның толық атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), байланыс
деректері, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________.
8. Есепті кезеңде халықаралық (шетелдік) ұйымдардың қатарынан гранттарды іске асыруға тартылған
әріптестер туралы ақпарат (жалпы саны, ұйымның толық атауы, басшысының тегі, аты, жөні, әкесінің аты
(болған кезде), байланыс деректері, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________.
9. Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы
гранттарды іске асырған үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер (осы есепке қоса беріледі)*
10. Есепті кезеңде грант шеңберінде іске асырылған әлеуметтік жобалар, әлеуметтік бағдарламалар туралы
мәліметтер (осы есепке қоса беріледі)**
11. Гранттарды іске асыру шеңберінде жобалардың нәтижелері бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар:
__________________________________________________________________.
12. Есепке гранттарды қалыптастыруға қатысатын үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру
саласындағы оператордың басшысы, оператордың бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол
қояды. Есептің әрбір данасы тігіледі, тігіс түйініне және ішінара құжаттың парағына желімделген қағаз
пломбамен бекемделеді. Мөрдің бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына басылуы тиіс.
13. Есепті: _______________________________________________ жасады.
(оператор басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде) және қолы)
Есеп жасалған күн: 20 жылғы « » ____________
Мөр орны
Ескертпе:
* Мәліметтер есепке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
** Мәліметтер есепке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

1 Үкіметтік емес ұйымдарды

гранттық қаржыландыру
саласындағы оператордың өз
қызметінің нәтижелері туралы есепке
1-қосымша
Нысан
1. Үкіметтік емес ұйымның толық атауы:
____________________________________________________________________.
2. Үкіметтік емес ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде):
____________________________________________________________________.
3. Заңды мекенжайы, байланыс телефоны:
____________________________________________________________________.
4. Грантты іске асыру (сала) шеңберінде әлеуметтік жобаның, әлеуметтік бағдарламаның атауы:
____________________________________________________________________.
5. Грант шеңберінде әлеуметтік жобаны, әлеуметтік бағдарламаны іске асыру кезеңі
(басталу жылы мен айын/аяқталу жылы мен айын көрсету):
____________________________________________________________________.
6. Грантты іске асыруға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы:
____________________________________________________________________.
Ескертпе: Аталған нысанға әрбір үкіметтік емес ұйым жөнінде мәліметтер енгізіледі

2 Үкіметтік емес ұйымдарды

гранттық қаржыландыру саласындағы
оператордың өз қызметінің
нәтижелері туралы есепке
2-қосымша
Нысан
1. Сандық көрсеткіштерді келтіре отырып, әлеуметтік жобаның, әлеуметтік бағдарламаның
барлық іс-шаралары бойынша жалпы ақпарат (іс-шараның өткен күні, орны, тақырыбы мен
нысаны, қатысушылар саны, жоспарланған іс-шаралардың толық орындалуы):
__________________________________________________________________;
1) Әлеуметтік жобаның, әлеуметтік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу және алынған нәтижелері:
__________________________________________________________________;
2) Мақсатқа қол жеткізу (фактілерді сипаттау және мақсатқа қол жеткізу туралы дәлелдерді көрсету):
__________________________________________________________________;
3) Жоспарланған нәтижелердің алынған нәтижелерге сәйкестігі; егер жоспардан ауытқу орын алса, оның
негіздемесі:
__________________________________________________________________;
4) Әлеуметтік жобаны, әлеуметтік бағдарламаны іске асыру аяқталғаннан кейін және/немесе іске асыру кезінде
болған әлеуметтік және басқа да өзгерістерді өлшеу (жобаға дейінгі ахуалды және жоба аяқталған кездегі
ахуалды салыстыру, жоба шеңберінде проблемаларды мен міндеттерді шешу дәрежесі):
__________________________________________________________________;
2. Әлеуметтік жобаға, әлеуметтік бағдарламаға қатысушылар бөлінісінде статистикалық ақпарат:
1) гендерлік көрсеткіш:
Жобаға қатысушылар саны, барлығы
Ерлер
Әйелдер
2) санаттары бойынша әлеуметтік мәртебесі:
Жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар са­ны, бар­лы­ғы
Ба­ла­лар (оның ішін­де мү­ге­дек­ті­гі бар -ба­ла­лар)
Жастар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер
Бюд­жет­тік ұй­ым­дар­дың жұ­мыс­кер­ле­рі
Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар
Ере­сек жас­та­ғы адам­дар (50 жас­та­ғы және одан ас­қан).
Жұ­мыс­сыздар
Қо­ғам­дық ұй­ым­дар­дың өкіл­де­рі
Биз­нес сек­то­ры­ның өкіл­де­рі
Бас­қа да са­нат­тар
3) жас ерекшелігінің көрсеткіші:
Жобаға қатысушылар саны, барлығы
13-16 жастағы
17-22 жастағы
23-27 жастағы
28-32 жастағы
33-45 жастағы
46-58 жастағы
59 жастағы және ол жастан асқан
3. Жобаның нәтижелері:
1) көрсетілген насаналы топтардың жобаны іске асыру барысында (сандық көрсеткіштерді көрсете отырып,
сапалық қозғалыстарды сипаттай отырып) алған нақты нәтижелері:
__________________________________________________________________;
2) жобаны іске асыру барысында шешілуге тиісті проблемаға жобаның ұзақмерзімді ықпалы (жобадан
туындаған осы немесе өзге саладағы болжамды оң/жағымсыз өзгерістерді негіздеу):
__________________________________________________________________.
3) Іске асырылған жобаның әулеметтік-экономикалық әсері:
_______________________________________________________________________________
Ескертпе:
Аталған нысанға әрбір әлеуметтік жоба, әлеуметтік бағдарлама бойынша мәлімет енгізіледі

Қолданыстағы