Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 1054 · қабылданған 24.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96652/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1054 ·24.12.2015
24.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1054 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі қылмыстық-атқару жүйесiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1054
Қабылданған күні
24.12.2015
Көрсетілген редакция
24.12.2015 96652_91195.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500001054
ЭКБ идентификаторы
96652
Редакция идентификаторы
96652_91195
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:35

0 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі

қылмыстық-атқару жүйесiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» және Талдықорған қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Күзет және қадағалау бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрлiктің қарамағындағы мемлекеттiк мекемелер – аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тiзбесiнде:
«2. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1 жолмен толықтырылсын:
«15-1. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.»;
реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;
Министрлiктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
«2. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 95-жолмен толықтырылсын:
«95. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлiмi.».

2 2 ) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
40) тармақша деген мынадай редакцияда жазылсын:
«
40)
Түзеу мекемелері
9845
»;
мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
«
41-1)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлімі
151
».

4 4. Алматы облысының әкімдігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін орналастыру үшін үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы