Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовой системы управления рисками, которая применяется при формировании перечня объектов государственного аудита и финансового контроля на соответствующий год и проведении внутреннего государственного аудита

Бұйрық · № 597 · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96663/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении типовой системы управления рисками, которая применяется при формировании перечня объектов государственного аудита и финансового контроля на соответствующий год и проведении внутреннего государственного аудита Қолданыста Бұйрық ·№ 597 ·30.11.2015
18.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовой системы управления рисками, которая применяется при формировании перечня объектов государственного аудита и финансового контроля на соответствующий год и проведении внутреннего государственного аудита

Қолданыста Бұйрық ·№ 597 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовой системы управления рисками, которая применяется при формировании перечня объектов государственного аудита и финансового контроля на соответствующий год и проведении внутреннего государственного аудита
Атауы (қаз.)
Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
597
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
18.09.2023 96663_657824.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012490
ЭКБ идентификаторы
96663
Редакция идентификаторы
96663_657824
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:21

0 Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 597 бұйрығымен
бекітілді
Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесі (бұдан әрi – Үлгi жүйе) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2

2. Үлгі жүйе ішкі мемлекеттік аудит органдарына тәуекелдерді басқарудың жүйесі бойынша әдістемелік негізін жасауға арналған және мақсаты тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізілімін қалыптастырудың, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі – ішкі мемлекеттік аудит органдары) мемлекеттік аудит және өзге де іс-шаралары өткізудің тиімділігін арттыру болып табылады.

3 3. Үлгі жүйені пайдалану кезінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

2 2) балл кестесі – әр Тәуекел көздері индикаторлары мәнінің критерийлері және /немесе интервалдарын рәнжірлеу арқылы тәуекел деңгейін анықтау;

3 3) ден қою шаралары – мемлекеттік аудит объектілері тәуекелдерінің алдын алу, оларды барынша азайту және жою мақсатында мемлекеттік аудит объектілеріне қатысты мемлекеттік аудит органдары қабылдайтын іс-шаралар;

4

4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың мәні (бұдан әрі – мемлекеттік аудит мәні) – мемлекеттік органдардың қызметі, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;

5 5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджеттік қаражатты алушылар;

6 6) сараптамалық талдау – мамандардың (сарапшылардың) біліктілігі мен біліміне негізделген талдау әдісі.

7

7) тәуекел – Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтамаудың, мемлекеттік аудит объектiсiне оқиғаның немесе iс-қимылдың тигiзетiн жағымсыз әсерiнiң ықтималдылығы, ол қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының ұрлануына (ысырап болуына) әкелiп, мемлекетке экономикалық зиян шектiруi мүмкiн, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда және мемлекеттік органдардың даму жоспарларында қарастырылған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізбеу және толық көлемде орындамаудың ықтималдығы;

2 2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі кезеңдері

4 4. Тәуекелдерді басқару жүйесіні келесі кезеңдерге жүктейді:

1 1)ақпарат жинау;

2 2)тәуекелдерді сәйкестендіру;

3 3)тәуекелдерді бағалау;

4 4)ден қою шаралары;

5 5)тәуекелдер мониторингі.

5 5.Тәуекелді бағалауды өткізу үшін мемлекеттік аудиттің объектілерінен және басқа да ресми көздерден алынған қаржылық және бюджеттік есептіліктерден ақпарат жинау.

Мемлекеттік аудиттің объектілер мен мәндері бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүйелеу.
Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау процесстері барынша автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігін жасайды.
Ақпаратты жинау және өзектендіру мерзім сайынғы негізде тиісті есептік ақпаратын қалыптастыру кезеңдігіне қарай жүзеге асырылады.

6 6.Тәуекелдер және олардың өлшемшарттарын анықтау үшін мемлекеттік аудиттің объектілері мен мәнін зерделеу, әлеуетті және шынайы қауіп пен қатерлерді, олардың туындау себептерін айқындау тәуекелдердің сәйкестендіруі өткізіледі.

Тәуекел критерийлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бюджет деңгейіне тәуелді жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес, ішкі мемлекеттік аудит ұйымдары үшін тәуекелдердің біршама болу мүмкіндігін анықтау үшін оптималды жағдайларда анықталады.
Тәуекелді сәйкестендіру жүргізу кезінде тәуекелді басқару үшін негізгі өлшемдер белгіленеді, қолдану аясы, тәуекел көздері бұзушылық түрлері анықталады.
Ішкі мемлекеттік аудит органдары өздеріне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сай тәуекелдерді айқындау үшін келесі бағыттарын пайдаланады:

1 1) бюджеттің шығыстар бөлігі саласындағы тәуекелдер, тәуекелді бағалаудың 2 деңгейінен тұрады:

мемлекеттік аудит мәні бойынша (бағдарламалық құжаттар, бюджеттік бағдарламалары);
мемлекеттік аудит объектісі бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және басқа да мемлекеттік мекемелері).

2 2) бюджеттің кіріс бөлігі саласындағы тәуекелдер мыналар бойынша:

салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер айқындалады.

3 3) квазимемлекеттік сектор субъектісі бойынша тәуекелдер.

7 7.Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық әдістердің негізінде олардың ықтималдығы және ықпалына сүйене отырып есептеледі.

Тәуекелдерге бағалау жүргізу үшін тәуекелдер мен олардың өлшемдерінің тізілімі құрылады. Тәуекелдер тізіліміне тәуекелдің атауы, әсері, туындауы, деңгейі және тәуекелді бағалаудың басқа да көрсеткіштері көрініс табады.
Тәуекелдер-матрицадағы тәуекелдерді айқындаудың нәтижесі бойынша мемлекеттік аудит объектілер мен мәні тәуекелдер дәрежесі бойынша бөлінеді:

1 1)жоғары;

2 2)орта;

3 3)төмен.

Мемлекеттік аудит объектілері мен мәндері бойынша айқындалған критерийлер сәйкесінше тәуекел бағалау өткізіледі.

8 8. Мемлекеттік аудиттің объектілері және мәні, өлшемшарттары, басымдықтары, тәуекел топтары және ден қою бөлінісінде тәуекелдерді бағалау нәтижесі бойынша шығыс нысандарын ресімделеді.

Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен қолданылған шаралар тәуекелдердің алдын алу, оларды барынша азайту, жоюды қамтамасыз етеді.
Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен тиісті талдау жасау арқылы қолданыстағы ден қою шараларының тиімділігін арттыру бойынша мерзім сайын шаралар өткізіледі.
Тәуекелдерге ден қою шаралары мына санаттарға бөлінеді:

1 1)Алдын ала ден қою шаралары:

мемлекеттік аудит объектісінен тәуекелдердің туындау себептері туралы ақпарат алу;
тәуекелдердің алдын алу және барынша азайту – орта тәуекелдер дәрежесі бар мемлекеттік аудит объектілері бойынша аудиторлық іс-шараларын өткізбей, мемлекеттік аудит объектісіне жоғары дәрежелі әлеуетті тәуекелдерге әкелетін шарттардың туындауы туралы ескертулер (хабарламалар) және оларға жол бермеу бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) беруден тұратын кешенді іс-шаралар;
оларды жоғары дәрежелі тәуекелдерге әкелетін шарттар сақталған жағдайда мемлекеттік аудит объектісі бойынша аудиторлық іс-шараларын өткізу жөніндегі мәселені қарастыру.

2 2)нұсқамалық ден қою шаралары - жоғары дәрежелі тәуекелдері және орта дәрежелі тәуекелдер бар мемлекеттік аудит объектілері бойынша (ішкі мемлекеттік аудит органының мемлекеттік аудит өткізу туралы шешімі болған жағдайда) мемлекеттік аудит өткізу арқылы тәуекелдерді жою

3 3) тәуекелдер дәрежесі төмен мемлекеттік аудиттің объектісі бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдары тәуекелдер дәрежесінің өсуін уақытында анықтау мақсатында және тиісті шаралар қабылдау үшін тәуекелдердің мониторингін жүргізеді.

9 9.Тәуекелдер мониторингі:

1 1) Тәуекелдердің тиімділігі мен өзектілігін және тәуекелдер дәрежесінің өзгеруін (қалдық тәуекелдерді айқындау) анықтау мақсатында мерзімді негізде мониторинг өткізіу;

2 2)расталғанның тиімсіздігі немесе өзекті еместігі анықталған жағдайда тәуекел жоқ болып саналады.

Мемлекеттік аудит органдары жыл сайынғы негізде тәуекелдерді айқындау мен бағалаудың дұрыстығына, рәсімдердің олардың орындалуы сәйкестігіне талдау жүргізеді.
Мемлекеттік аудит органдары тоқсан сайынғы негізде алдын ала ден қою шараларының шеңберіндег іс-шаралардың іске асырылуы тиімділігіне талдау жүргізеді.

3 3. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып тиісті жылға мемлекетік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру

10 10.Мемлекетік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру жоғары және орташа тәуекел деңгейлері бар мемлекеттік аудиттің объектілері және мәні жүйесімен тәуекелдерді бағалау негізінде іріктеп алу іске асырылады.

11 11.Мемлекеттік аудит объектілері мен мәндерін бағалау ол тәуекелдің әрбір критерийі бойынша маңызының жиынтығы негізінде есептелген, қорытынды балл мен тәуекел деңгейін анықтау.

12 12.Тәуекелдер критерийі интервалдарға бөлінеді, әрбір интервалға балл беріледі.

13 13.Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен жүктелген функциялары мен өкiлеттiктерiне сәйкес осы Үлгі жүйеге 2 қосымшаға сәйкес базалық критерийлердің негізінде тәуекелдер критерийі әзірленеді.

Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен мемлекеттік аудиттің объектілері мен мәнінің қосымша тәуекелдер критерийлері әзірленуі мүмкін.

14 14.Әзірленген критерийлер тәуекелдер тізбесінде қалыптастырылады және ішкі мемлекеттік аудит органы басшысымен бекітіледі.

15 15.Ішкі мемлекеттік аудит органдары мерзімді негізде тәуекел критерийлерінің тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізеді, соның нәтижелері бойынша критерийлер алынып тасталады немесе тәуекелдер тізбесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен өзгертіледі.

4 4. Ішкі мемлекеттік аудит органдары қызметінің басқа бағыттары бойынша шұғыл ден қою тәуекелдерінің бейіні негізінде тәуекелдерді басқару жүйесін басқару.

16 16.Шұғыл ден қою тәуекелдерінің бейіні (бұдан әрі - Бейін) мемлекеттік аудит объектілерімен автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалана отырып , уақытында бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау құралы болып табылады және оның нәтижелері ескерту – профилактикалық сипатта болады.

17 17.Тәуекелдерді басқару жүйесі шұғыл ден қою тәуекелдерінің бейіні негізінде сонымен қатар камеральды бақылау жүргізу кезінде пайдаланылады.

18 18.Бейін құру үшін тәуекелдер мен бұзушылықтардың тізбесін қалыптастыру қажет. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін деректерді таңдау шарттарын жинауды анықтаумен, бейін белгілі бір тәуекел/ бұзушылыққа әзірленеді.

19 19.Бейінді әзірлеу дегеніміз мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы зерделеу, талдау және деректерді салыстыру, соның ішінде ақпараттық жүйелерден деректер, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері.

20 20. Әзірленген бейіндер тәуекелдер бейінінің тізілімінде қалыптасады, онда рет саны, бейін атауы, күні, тәуекел/бұзушылықтың сипатталуы және басқа да деректер мазмұндалады және ішкі мемлекеттік аудит органының басшысымен бекітіледі.

21 21.Ішкі мемлекеттік аудит органдары жұмыс істелген бейіндердің нәтижелерінің нақтылығын тексереді (тәуекел/бұзушылық расталды/расталған жоқ).

22 22.Егер тәуекелдер/бұзушылықтар расталған жағдайда, ішкі мемлекеттік аудит органдарымен мемлекеттік аудит объектісіне қатысты тиісті ден қою шараларын қолдану туралы шешім қабылданады:

мемлекеттік аудит жүргізу, соның ішінде жоспардан тыс;
хаттарды, тәуекел/бұзушылықтарды жою туралы және/немесе орындаушының жауапкершілігін қарау туралы, алдағы уақытта оларға жол бермеу бойынша шаралар қолдану туралы хабарламалар жіберу және басқалар;
тәуекелдер/бұзушылықтар туралы мәліметтерді басқа да құзыретті органдарға жіберу.

23 23. Ішкі мемлекеттік аудит органдары мерзімді негізде тәуекел критерийлерінің тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізеді, соның нәтижелері бойынша критерийлер алынып тасталады немесе тәуекелдер тізбесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен өзгертіледі.

1 Тәуекел матрицасы

Тиісті жылға арналған
мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау объектілерінің тізбесін
қалыптастыру және ішкі
мемлекеттік аудит жүргізу кезінде
қолданылатын тәуекелдерді басқарудың
үлгілік жүйесіне
1 Қосымша
Тәуекел матрицасы

2 Тәуекелдердің базалық өлшемшарттары

Тиісті жылға арналған
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тізбесін
қалыптастыру және ішкі
мемлекеттік аудит жүргізу
кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың
үлгілік жүйесіне
2-қосымша
Тәуекелдердің базалық өлшемшарттары
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­рі (бұ­дан әрі – ББӘ) бой­ын­ша өл­шем­шар­ттар
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Қол жет­кі­зіл­ме­ген ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар­дың, олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі, пай­ы­з­бен (бұ­дан әрі – %)
Орын­дал­ма­ған іс-ша­ра­лар­дың, олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі, %-бен
Жал­пы са­ны­на шақ­қан­да, ба­стап­қы­да бе­кі­ті­л­ген ме­ме­ле­кет­тік ор­ган­ның да­мы­ту жос­па­рын­да (бұ­дан әрі – да­му жос­па­ры) көз­дел­ген бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың қол жет­кіз­бе­ген түп­кі­лік­ті нәти­же­нің көр­сет­кіш­те­рі­нің үле­сі, %-бен
Ба­стап­қы бе­кі­ті­л­ген да­му жос­па­рын­да көз­дел­ген мән­дер­ге жет­пе­ген бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың түп­кі­лік­ті нәти­же­сі көр­сет­кіш­те­рі­нің үле­сі, жал­пы са­ны­на шақ­қан­да, %-бен
Да­му жос­па­ры­на ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­дың жи­і­лі­гі, са­ны
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ды қар­жы­лан­ды­ру­дың жыл­дық кө­ле­мі, мил­ли­он (бұ­дан әрі – млн.) тең­ге
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да бө­лін­ген, бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­міне шақ­қан­да ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның үле­сі, %-бен
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі­нің өсуі/тө­мен­де­уі, %-бен
Ке­зең­нің со­ңын­да бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның иге­рі­луі, %-бен
Осы мем­ле­кет­тік ор­ган­мен іс­ке асы­рып отыр­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың са­ны, бір­лік (бұ­дан әрі – бірл.)
Ти­іс­ті ке­зең­нің шы­ғы­стар кө­ле­міне шақ­қан­да­ғы бұ­рын­ғы ба­қы­ла­у­мен анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың кө­ле­мі, %-бен
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да де­би­тор­лық бе­ре­шек кө­ле­мі­нің өсуі, %-бен
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да кре­ди­тор­лық бе­ре­шек кө­ле­мі­нің өсуі, %-бен
Соң­ғы жүр­гі­зі­л­ген ке­шен­ді тек­се­ру­дің кү­ні, жы­лы
Үкі­мет ре­зер­ві­нің есе­бі­нен іс­ке асы­ры­ла­тын, бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың са­ны, бірл.
Бюд­жет қа­ра­жат­та­рын бас­қа­ру ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау нәти­же­ле­рі, балл
МҚБ стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін іш­кі ауди­тор­лық қыз­мет­тер­дің (бұ­дан әрі – ІАҚ) ауди­тор­лық есеп­тер­дің кө­ле­мі, %-бен
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да ба­қы­лау іс-ша­ра­ла­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қыл­мыстық іс­тер қоз­ғау­мен, құқық­қор­ғау ор­ган­да­ры­на тап­сы­ру фак­ті­ле­рі­нің бо­луы, % -бен
Құқық­қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қа­улы­ла­ры­мен іс­ке асы­ры­л­ған ба­қы­лау іс-ша­ра­ла­ры­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша рас­тал­ған фак­ті­лер­дің бо­луы, %-бен
Ор­та­лық ме­ме­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­ды ІАҚ-мен ба­қы­лау ма­те­ри­ал­да­ры­ның Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі бой­ын­ша анық­тал­ған жағ­дай­лар
ББӘ және оның ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы ұй­ым­да­ры­ның жо­сық­сыз өнім бе­ру­ші­лер ті­зі­лі­міне қо­сы­л­ған, өнім бе­ру­ші­лер­мен бе­кі­ті­л­ген шар­тта­ры­ның бо­луы.
Есеп­ті ке­зең­нің са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру­дың жал­пы кө­ле­мін­де бір көз­ден алу тә­сі­лі­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу үле­сі, %-бен
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер (бұ­дан әрі – ММ) бой­ын­ша өл­шем­шар­ттар
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­мен іс­ке асы­ры­лып жа­тқан бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың са­ны, бірл.
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ды қар­жы­лан­ды­ру­дың жыл­дық кө­ле­мі, млн. тен­ге
Соң­ғы екі жыл­да бө­лін­ген, бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­міне шақ­қан­да ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның үле­сі, %-бен
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі­нің өсуі/тө­мен­де­уі, %-бен
Ке­зең­нің со­ңын­да бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның иге­рі­луі, %-бен
Ти­іс­ті ке­зең­нің шы­ғы­стар кө­ле­міне шақ­қан­да­ғы бұ­рын­ғы ба­қы­ла­у­мен анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың ауқы­мы, %-бен
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да де­би­тор­лық бе­ре­шек кө­ле­мі­нің өсуі, %-бен
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да кре­ди­тор­лық бе­ре­шек кө­ле­мі­нің өсуі, %-бен
Соң­ғы жүр­гі­зі­л­ген ке­шен­ді тек­се­ру­дің кү­ні, жы­лы
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да ба­қы­лау іс-ша­ра­ла­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қыл­мыстық іс­тер қоз­ғау­мен, құқық­қор­ғау ор­ган­да­ры­на тап­сы­ру фак­ті­ле­рі­нің бо­луы, %-бен
Құқық­қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қа­улы­ла­ры­мен іс­ке асы­ры­л­ған ба­қы­лау іс-ша­ра­ла­ры­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша рас­тал­ған фак­ті­лер­дің бо­луы, %-бен
Ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған, мем­ле­кет­тік са­тып алу рә­сім­де­рі­нің са­ны­на шақ­қан­да әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту­ға әкел­ген, мем­ле­кет­тік са­тып алу­лар ту­ра­лы заң­на­ма­ның сақ­та­луын бұ­зу­шы­лық­тар­дың үле­сі
Өңір­дің ба­ста­ма­шы бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры
Өңір­дің жү­зе­ге асы­ры­л­ған ин­ве­сти­ци­а­лық жо­ба­ла­ры
ММ ақы­лы қыз­мет­те­рін жү­зе­ге асы­ру­дан түс­кен қол­ма-қол ақ­ша­ның ба­қы­лау шот­та­ры
Уа­қыт­ша ор­на­ла­сты­ры­л­ған қол­ма–қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­ты.
Де­ме­у­ші­лік және қай­ы­рым­ды­лық кө­мек­тен түс­кен қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шот­та­ры.
Күр­де­лі шы­ғы­стар бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді тір­кеу, млн.тңг
15 (он бес) күн­нен кем емес мер­зім­де­гі аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік ке­лі­сім шар­тта­рын тір­кеу
Жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­да көз­дел­ген мер­зім­нен кем, орын­да­лу мер­зі­мі­мен жұ­мыстар­ды орын­дау бой­ын­ша шар­ттар­ды тір­кеу
Есеп­ті ке­зең­нің са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру­дың жал­пы кө­ле­мін­де бір көз­ден алу тә­сі­лі­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу үле­сі, %-бен
Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша өл­шем­шар­ттар
Жар­ғы­лық ка­пи­тал мөл­ше­рі­нің өсуі/тө­мен­де­уі, %-бен
Ен­ші­лес және қа­уым­да­сты­ры­л­ған ұй­ым­дар­дың бар-жо­ғы, бір­лік
Шы­ғы­стар­дың жал­пы кө­ле­міне шақ­қан­да әкім­ші­лік шы­ғы­стар­дың үле­сі, %-бен
Соң­ғы тек­се­ру­дің жүр­гі­зі­л­ген кү­ні, жы­лы
Қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті уа­қы­тын­да тап­сыр­мау, %-бен
Мо­ни­то­ринг нәти­же­ле­рі бой­ын­ша кар­жы­лық есеп жа­са­уда бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы, %-бен
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да­ғы қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі, со­ның ішін­де мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша (тап­сы­рыс кө­ле­мі­нен 100 %)
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да ал­дың­ғы тек­се­ру­лер қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша та­у­ар-ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­дың және ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың же­тіс­пе­у­ші­лі­гі (анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың жал­пы со­ма­сы­ның 2 (екі) %-ы)
Бір­не­ше қар­жы ке­зең­де­рін­де­гі бух­гал­тер­лік есеп­ті­лік­те шы­ғын­дар­дың көр­се­ті­луі
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да ал­дың­ғы ба­қы­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың ауқы­мы
Ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған, мем­ле­кет­тік са­тып алу рә­сім­де­рі­нің са­ны­на шақ­қан­да әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту­ға әкел­ген, мем­ле­кет­тік са­тып алу­лар ту­ра­лы заң­на­ма­ның сақ­та­луын бұ­зу­шы­лық­тар­дың үле­сі
Есеп­ті ке­зең­нің са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру­дың жал­пы кө­ле­мін­де бір көз­ден алу тә­сі­лі­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу үле­сі, %-бен
Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша өл­шем­шар­ттар
Қол жет­кі­зіл­ме­ген ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар­дың, олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі, %-бен
Орын­дал­ма­ған іс-ша­ра­лар­дың, олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі, %-бен
Жал­пы са­ны­на шақ­қан­да, ба­стап­қы­да бе­кі­ті­л­ген да­му жос­па­рын­да көз­дел­ген, бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың қол жет­кіз­бе­ген ті­ке­лей нәти­же­нің көр­сет­кіш­те­рі­нің үле­сі, %-бен
Жал­пы са­ны­на шақ­қан­да, ба­стап­қы бе­кі­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық жос­пар­да көз­дел­ген мән­дер­ге жет­пе­ген бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың түп­кі­лік­ті нәти­же­сі көр­сет­кіш­те­рі­нің үле­сі, %-бен
Да­му жос­па­ры­на ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­дың жи­і­лі­гі, са­ны
Ке­зең­нің со­ңын­да бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның иге­рі­луі, %-бен
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың үле­сі, %-бен
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да «Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сіне сәй­кес әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған тұ­лға­лар­дың са­ны
Ал­дың­ғы ба­қы­ла­у­мен анық­тал­ған, мем­ле­кетт­тік са­тып алу қо­ры­тындыс­ы­на әсе­рі ти­ген, анық­тал­ған мем­ле­кет­тік са­тып алу­лар ту­ра­лы бұ­зу­шы­лық­тар­дың ауқы­мы
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша өл­шем­шар­ттар
Ке­зең­нің со­ңын­да бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның иге­рі­луі, %-бен
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да де­би­тор­лық бе­ре­шек кө­ле­мі­нің өсуі, %-бен
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да кре­ди­тор­лық бе­ре­шек кө­ле­мі­нің өсуі, %-бен
Соң­ғы 2 (екі) жыл­да анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың үле­сі, %-бен
Соң­ғы екі жыл­да бө­лін­ген, бюд­жет қа­ра­жат­та­ры­ның жал­пы кө­ле­мі­нен, ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жат­та­ры­ның үле­сі, %-бен
Ти­іс­ті ке­зең­нің шы­ғы­стар кө­ле­міне шақ­қан­да­ғы бұ­рын­ғы ба­қы­ла­у­мен анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың ауқы­мы, %-бен
Соң­ғы жүр­гі­зі­л­ген ке­шен­ді тек­се­ру­дің кү­ні, жы­лы
Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар мақ­сат­та­ры мен көр­сет­кіш­те­ріне қол жет­кі­зу бой­ын­ша қыз­ме­ті­нің ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау нәти­же­ле­рі, %-бен

Қолданыстағы