Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
- Атауы (қаз.)
- Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102-2319
- Қабылданған күні
- 18.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2016 96674_113867.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00983
- ЭКБ идентификаторы
- 96674
- Редакция идентификаторы
- 96674_113867
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:01
0 Басым ауыл шаруашылығы
дақылдардың тізбесін және субсидиялар
нормаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Құрманғалиев Әсет Қабиұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________А. Мамытбеков
2015 жылғы 18 желтоқсан
5 Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 102-2319 қаулысына
қосымша
2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
Р/с №
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Бюджеттік субсидиялардың
1 гектарға арналған нормасы
(теңге)
1.
Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
2 500 000