Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № 102-2319 · қабылданған 18.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96674/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Күшін жойған 29.07.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы № 102-2319 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102-2319
Қабылданған күні
18.12.2015
Көрсетілген редакция
29.07.2016 96674_113867.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15ABW00983
ЭКБ идентификаторы
96674
Редакция идентификаторы
96674_113867
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:01
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Басым ауыл шаруашылығы

дақылдардың тізбесін және субсидиялар
нормаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Құрманғалиев Әсет Қабиұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________А. Мамытбеков
2015 жылғы 18 желтоқсан

5 Астана қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 102-2319 қаулысына
қосымша
2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға,  жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
Р/с №
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Бюджеттік субсидиялардың
1 гектарға арналған нормасы
(теңге)
1.
Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
2 500 000