Құжат мәтініне өту

Об определении видов общественных работ для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам

Қаулы · № 876 · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96723/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении видов общественных работ для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам Күшін жойған Қаулы ·№ 876 ·30.11.2015
18.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов общественных работ для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам

Күшін жойған Қаулы ·№ 876 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов общественных работ для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам
Атауы (қаз.)
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
876
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
18.06.2020 96723_467803.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15MB002919
ЭКБ идентификаторы
96723
Редакция идентификаторы
96723_467803
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:22

0 Қоғамдық жұмыстарға тарту

түріндегі жазаны өтеу үшін
қоғамдық жұмыстардың
түрлерін белгілеу туралы
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 43 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері ретінде сотталған тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы бойынша қала аумағындағы қоғамдық орындарда жүзеге асырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы көшелер мен шағын аудандарды абаттандыру және санитарлық тазалау, жол шаруашылығы саласындағы жергілікті жолдарды санитарлық тазалау және көгалдандыру саласындағы жасыл көшеттерді отырғызу және күту, көп жылдық екпелерді күту бойынша жұмыстар белгіленсін.

2 2. «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі», «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің басшыларына және Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдарының әкімдеріне:

қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталушының тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй-коммуналдық, көгалдандыру, жол шаруашылықтары нысандарында атқаруды ұйымдастырсын.

3 3. «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ( А.Суюндыков):

осы қаулының Маңғыстау облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С.Қалдығұлға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының
уақытша міндетін атқарушы
Т. Шаудирбаев__________________
«___»__________________2015 жыл
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылық
және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі»
мемелекеттік мекемесінің басшысы
А. Суюндыков__________________
«___»__________________2015 жыл
Қызылсай ауылының әкімі
С. Ақбердиев __________________
«___»__________________2015 жыл
Рахат ауылының әкімінің
уақытша міндетін атқарушы
Ұ.Орынбаева __________________
«___»__________________2015 жыл
Теңге ауылының әкімі
У. Максимов__________________
«___»__________________2015 жыл

Қолданыстағы