Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по городу Актау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по городу Актау
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/335
- Қабылданған күні
- 11.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2021 96733_542555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MA002921
- ЭКБ идентификаторы
- 96733
- Редакция идентификаторы
- 96733_542555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:06
0 Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Ақтау қаласының әкімдігіне жеке, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне осы тарифтердің қолданысқа енгізілетін мерзімі туралы хабарлау ұсынылсын.
3 3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Шапқан).
5 5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық тұрғын
үй - коммуналдық шаруашылығы
және тұрғын үй инспекциясы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Б.К.Ізғалиев
2015 жылы 11 желтоқсан
6 Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Ақтау қалалық мәслихатының
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 35/335 шешіміне
қосымша
Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№
Атауы
Есептік бірлік
Құны, теңгемен/ айына ҚҚС есептелмегенде
1.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілер
1 м³
1 198
2.
Жеке тұлғалар
1 адам
223,2
Аббревиатуралардың ажыратып жазылуы:
«ҚҚС» - қосылған құн салығы;
«м³» - текше метр.