Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг по управлению проектом строительства объектов и квалификационных требований предъявляемых организациям, оказывающим услуги по управлению проектом

Бұйрық · № 749 · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96765/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг по управлению проектом строительства объектов и квалификационных требований предъявляемых организациям, оказывающим услуги по управлению проектом Күшін жойған 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг по управлению проектом строительства объектов и квалификационных требований предъявляемых организациям, оказывающим услуги по управлению проектом

Күшін жойған Бұйрық № 749 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг по управлению проектом строительства объектов и квалификационных требований предъявляемых организациям, оказывающим услуги по управлению проектом
Атауы (қаз.)
Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
749
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
01.07.2026 96765_826933.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012528
ЭКБ идентификаторы
96765
Редакция идентификаторы
96765_826933
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:23
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 749 бұйрығымен
бекітілген
Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 65-бабының
4-тармағына сәйкес әзiрлендi.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;

2) жобаны басқару – салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару).

2. Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету

3. Техникалық жағынан күрделі объектілердің құрылысын, оның ішінде бірегей объектілердің құрылысын және ірі инвестициялық жобалардың құрылысын салу үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушіге (инвесторы) жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарды (бұдан әрі – ұйым) тартуға жол беріледі.

4. Қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы

6 наурыздағы № 71 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

5. Қызметтер көрсету жөніндегі шарттық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Заңның 20-бабының 23-24) тармақшасына сәйкес әзірленетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

7. Ұйымдарға мынадай:

1) мынадай маманданулар бойынша:

бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;

2) мынадай маманданулар бойынша:

бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;

3) мынадай:

қала құрылысы;
жобалау алдындағы құжаттама;
сәулет;
конструктивтік бөлік;
инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша);
технологиялық бөлік (объектінің мақсатына байланысты);
жобаның арнайы бөлімдері маманданулары бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамасын сараптау бойынша кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;

4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы;

5) материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасауға және ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етулері бар жұмыс станцияларының болуы сияқты біліктілік талаптары қойылады.