Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм актов государственного инспектора труда

Бұйрық · № 904 · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96794/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении форм актов государственного инспектора труда Қолданыста Бұйрық ·№ 904 ·30.11.2015
13.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм актов государственного инспектора труда

Қолданыста Бұйрық ·№ 904 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм актов государственного инспектора труда
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
904
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
13.08.2020 96794_476848.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012498
ЭКБ идентификаторы
96794
Редакция идентификаторы
96794_476848
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:20

0 Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 195-бабының  4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама нысаны;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама нысаны;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама нысаны;

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру

(тыйым салу) туралы нұсқама нысаны;

5 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны;

6 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы нысаны;

7 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы нысаны;

8 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Мыналардың:

1

1) «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі №292-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5826 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 қарашадағы № 171 (1594) «Заң газетінде» жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 381 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11416 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қоланысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Кімге ________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
__________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының
бұзушылықтарын жою туралы
НҰСҚАМА № ____
20__ жылғы «__» __________
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабы 4)
тармақшасына сәйкеc Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мынадай бұзушылықтарын жоюға
нұсқама беремін:
Р/с №
Анықталған бұзушылықтар (нормативтік құқықтық актінің бабын немесе тармағын көрсету) және оларды жою жөніндегі талаптар
Орындалу мерзімі
Ескертпе
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12)
тармақшасына сәйкес 20__ жылғы «__» _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша
ақпарат мына мекенжайға: ____________________________________________________ берілсін.
Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ______________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
Нұсқаманы алдым _______________ _________ ___________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)

2 Жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы НҰСҚАМА № ___ 20__ жылғы «__» __________

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Кімге ____________________________
____________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер,
жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), егер жұмыс беруші заңды тұлға болған жағдайда – оның атауы, тұрғылықты жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi
Елдi мекеннің атауы
Жұмыс берушінің жалақы
төлеуі туралы
НҰСҚАМА № ___
20__ жылғы «__» __________
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкеc 20___ жылғы
«___» ______________ мерзіміне дейін келесі жұмыскерге (жұмыскерлерге):
1) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде;
2) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде;
3) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде жалақы төленсін деп нұсқама беремін.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы
«__» _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат
мына мекенжайға: ____________________________________________________
берілсін.
Мемлекеттік еңбек инспекторы
_________ ________________________
Қолы Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
Нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторына немесе сотқа оны алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.
Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса, әрбір жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, әрбір жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы сот актісі заңды күшіне еңген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасының негізінде
бұл нұсқаманың міндетті күші бар.
Нұсқаманы алдым:
____________ _______________________________________
Қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
алған күні

3 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Кімге ________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
__________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)
Жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы
НҰСҚАМА № _____________
20__ жылғы «__» __________
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабы 4)
тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мынадай бұзушылықтарын жоюға
нұсқама беремін:
Р/с №
Анықталған бұзушылықтар (нормативтік құқықтық актінің бабын немесе тармағын көрсету) және оларды жою жөніндегі талаптар
Орындалу мерзімі
Ескертпе
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 23-бабы
2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы «__» _______ дейін осы
нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат мына мекенжайға:
_________________________________________________________ берілсін.
Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
Нұсқаманы алдым _______________ _________ ___________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)

4 Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы нұсқама

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Кімге ________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
__________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)
Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы нұсқама
20__ жылғы «__» ________ № _____
____________________________________________________________________________________________
Қызметі тоқтатыла тұратын субъект туралы мәліметтер: жеке тұлға, дара кәсіпкер, заңды тұлға,
лауазымды тұлға
(керектінің асты сызылсын)
________________________________________________________________________________
субъектінің атауы
________________________________________________________________________________
орналасқан жері, жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
және субъектінің банк деректемелері
________________________________________________________________________________
(заңды тұлға немесе дара кәсіпкер басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
туған күні ___________________________________________________________
тұрғылықты жері______________________________________________________
______________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері
______________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
______________________________________________________________________
тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер
қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі____________________________________
Мен, (Бас) Мемлекеттік еңбек инспекторы_________________________________
(керектінің асты сызылсын) (тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
__________________________________________________________________________
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру кезінде мыналарды анықтадым:___________________________
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
____________________________________________________________________
нормативтік құқықтық актілердің бұзылған тармақтары, баптарының талаптарын көрсету
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабы 6)
тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы» кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 801-бабының негізінде нұсқама беремін:
20__ жылғы « __ » _________ 20__ жылғы « __ » _________ мерзімге (үш тәуліктен аспайтын)
дейін көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтатыла
тұрсын
___________________________________________________________________
(тоқтатыла тұратын қызметтің, жекелеген өндірістерді,
___________________________________________________________________
цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды,
___________________________________________________________________
механизмдерді пайдалануды көрсету)
Осы нұсқаманың орындалуына жауапкершілік __________________________
_______________________________ жүктеледі
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының
12) тармақшасының негізінде бұл нұсқаманың міндетті күші бар.
М. О. (Бас) Мемлекеттік еңбек инспекторы ____________________________
(керектінің асты сызылсын) тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), қолы
Нұсқаманы алдым_________________________________________________
(атқаратын лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде), алған күні
____________________________________________________________________
Нұсқама ______________ данада жасалды.

5 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
5-қосымша
Нысан
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
ХАТТАМА № ___
20__ жылғы «__» _________ _______________________________
(жасалған күні, орны және уақыты)
Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы_____________________________________
(хаттаманы жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабы 4)
тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы» кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 803-бабына сәйкес осы хаттаманы
жасадым.
________________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, мекенжайы
________________________________________________________________________________
және деректемелері)
қызметін тексеру кезінде мыналар анықталды: ____________________________________
________________________________________________________________________________
(әкімшілік құқық бұзушылықты тексеруді жүзеге асыру барысында
________________________________________________________________________________
белгіленген бұзушылықтарды жасау орны, уақыты және мәні)
бұл ҚР ӘҚБтК-ні бұзушылық болып табылады және ҚР ӘҚБтК-нің
____________________(баптары мен тармақтары) сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Егер бар болса, куәгерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайы:
____________________________________________________________________
(ҚР ӘҚБтК-нің 754-бабына сәйкес)
Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, егер әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау
және тіркеу кезінде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ҚР ӘҚБтК-нің 738-бабы негізінде іс жүргізу тілін ________________ деп айқындаймын.
Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін ___________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні, тұрғылықты жері,
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс
орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бар болса)
_____________________________________________________ жауапты болып табылады.
Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін жауапты адамның түсініктемесі
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(ҚР ӘҚБтК-нің 744-бабына сәйкес)
______________
(қолы)
Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ____________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде)
Хаттаманың бір данасын алдым,
құқықтарыммен және міндеттеріммен
таныстым __________________________ ________________
(әкімшілік құқық бұзушылықты (Тегі, аты, әкесінің
жасаған адамның қолы) аты (ол болған кезде)
Куәгерлер ___________ ________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде)
Әкімшілік істің қаралған күні,
орны және уақыты туралы
хабардар етілдім: ______________________ ________________
(әкімшілік құқық бұзушылықты (Тегі, аты, әкесінің
жасаған адамның қолы) аты (ол болған кезде)

6 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
6-қосымша
Нысан
20__ жылғы ______________________
________________________________
(қаралған күні, орны және уақыты)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
№ ___ ҚАУЛЫ
Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы______________________________
(қаулы шығарған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, тұрғылықты жері, жеке
басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны,
телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бар болса)
________________________________________________________________________________
_______________________ қатысты ________________ көзделген әкімшілік
(ҚР ӘҚБтК-нің бабы)
құқық бұзушылық туралы істі қарап,_____________________________________
(істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)
___________________________________________________________________ белгіледім.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»
кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 738-бабына сәйкес іс жүргізу тілін _______________ деп
айқындаймын.
Осы айтылғандардың негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 693 және 821-баптарын басшылыққа ала отырып,
мемлекеттік еңбек инспекторы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
________________________________________________________________________________
(әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
ҚР ӘҚБтК-нің _________ бабы бойынша _____ айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде ______________________________________ сомада айыппұл салынсын.
(сомасы жазбаша)
Айыппұл заңды күшіне енген күнінен бастап __________ тәуліктен кешіктірмей Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің банкіндегі № ____________ бюджеттік
шотқа енгізілуге тиіс коды________________ Мемлекеттік кірістер комитеті_______________,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _________________________________
банк бинифициары___________________________________________________
банктік сәйкестендіру нөмірі (БСК) _______________________________,
айыппұлды төлегені туралы түбіртек айыппұл салған мемлекеттік еңбек инспекторына ұсынылады.
Қаулыға ҚР ӘКБтК-нің 830, 832-баптарында көзделген тәртіппен шағым және наразылық қаулы
көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10 тәулік ішінде берілуі, ал істі қарауға қатыспаған
адам оны алған күннен бастап беруі мүмкін.
Мемлекеттік еңбек инспекторы ________ _____________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде)
20__ жылғы «__» ______
Хаттаманың бір данасын алдым,
құқықтарыммен және міндеттеріммен
таныстым ___________________ ________________
(әкімшілік құқық бұзушылық (Тегі, аты, әкесінің
жасаған адамның қолы) аты (ол болған кезде)
20__ жылғы «__» __________

7 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
7-қосымша
Нысан
20__ жылғы ______________________
_________________________________
(қаралған күні, орны және уақыты)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
іс жүргізуді тоқтату туралы
№ ___ ҚАУЛЫ
Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы________________________________
(қаулы шығарған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні, тұрғылықты жері,
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс
орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер олар болса)
___________________________________________________________________________________қатысты
________________________________
көзделген әкімшілік құқық бұзушылық
(ҚР ӘҚБтК-нің бабы)
туралы істі қарап,____________________________________________
(істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)
_______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________белгіледім.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»
кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 738-бабына сәйкес іс жүргізу тілін _________________ деп
айқындаймын.
Осы айтылғандардың негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 693 және 821-баптарын басшылыққа ала отырып,
мемлекеттік еңбек инспекторы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
________________________________________________________________________________________
(жауаптылыққа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.
Қаулыға ҚР ӘҚБтК-нің 830, 832-баптарында көзделген тәртіппен шағым және наразылық қаулы
көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10 тәулік ішінде берілуі, ал істі қарауға қатыспаған
адам дәл сол мерзімде, бірақ оны алған күннен бастап беруі мүмкін.
Мемлекеттік еңбек инспекторы __________ ____________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде)
20__ жылғы «__» ________
Хаттаманың бір данасын алдым,
құқықтарыммен және міндеттеріммен
таныстым _________________ _____________________
(әкімшілік құқық бұзушылық (Тегі, аты, әкесінің
жасаған адамның қолы) аты, (ол болған кезде)
20__ жылғы «__» ______

8 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
8-қосымша
Нысан
Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының
қорытындысы
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_______________________________________________________________
(мәселенің мәні баяндалады)
__________________________________________________________ бойынша
Мемлекеттік еңбек инспекторы________________________________________
(Мемлекеттік еңбек инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
жұмыс берушінің атауы)
20___жылғы «____»__________ 20___жылғы «____»__________дейін жүргізген тексерудің
(бақылаудың бақылау субъектісіне барумен өзге де нысандары) және басқа да материалдардың
(атап өту) негізінде мынадай қорытындыға келемін _______________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Жоғарыда аталғандардың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабын басшылыққа ала отырып,
келесі қорытындыға келдім: ______________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабы 4)
тармақшасының негізінде бұл қорытындының міндетті күші бар.
Мемлекеттік еңбек инспекторы __________ ____________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде)
20__ жылғы «__» ________

Қолданыстағы