Об утверждении формы маркировки зданий, строений, сооружений по энергоэффективности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы маркировки зданий, строений, сооружений по энергоэффективности
- Атауы (қаз.)
- Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1106
- Қабылданған күні
- 26.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2022 96818_606236.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012541
- ЭКБ идентификаторы
- 96818
- Редакция идентификаторы
- 96818_606236
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:25
0 Үйлерді, құрылыстарды,
ғимараттарды энергия тиімділігі
бойынша таңбалау
нысанын бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 13-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 желтоқсан
0 Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 1106 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны
Ескертпе: «Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Аббревиатураның толық жазылуы:
кВт∙с/м2 – киловатт∙сағат/ 1 (бір) шаршы метрге.
Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау А4 форматындағы қағаз немесе металл тақтайшаны білдіреді.