Об определении национального института развития в области энергосбережения и повышения энергоэффективности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении национального института развития в области энергосбережения и повышения энергоэффективности
- Атауы (қаз.)
- Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1130
- Қабылданған күні
- 30.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2015 96834_40898.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012539
- ЭКБ идентификаторы
- 96834
- Редакция идентификаторы
- 96834_40898
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:20
0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалсын.
2. «Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің2015 жылғы 31 наурыздағы №392 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10948 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.