Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня должностей органов внутреннего государственного аудита и финансового контроля, для занятия которых необходимо наличие сертификата, удостоверяющего квалификацию государственного аудитора

Бұйрық · № 591 · қабылданған 27.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96848/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня должностей органов внутреннего государственного аудита и финансового контроля, для занятия которых необходимо наличие сертификата, удостоверяющего квалификацию государственного аудитора Қолданыста Бұйрық ·№ 591 ·27.11.2015
07.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня должностей органов внутреннего государственного аудита и финансового контроля, для занятия которых необходимо наличие сертификата, удостоверяющего квалификацию государственного аудитора

Қолданыста Бұйрық ·№ 591 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня должностей органов внутреннего государственного аудита и финансового контроля, для занятия которых необходимо наличие сертификата, удостоверяющего квалификацию государственного аудитора
Атауы (қаз.)
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
591
Қабылданған күні
27.11.2015
Көрсетілген редакция
07.10.2024 96848_725037.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012503
ЭКБ идентификаторы
96848
Редакция идентификаторы
96848_725037
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:24

0 Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 591 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдардың тізбесі
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы басшысының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің басшысы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметі басшысының орынбасары;
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;
әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметінің басшысы;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас консультанты – мемлекеттік аудиторы.
Ескертпе:
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолданылады, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттерін негізге ала отырып, өзге лауазымдар атаулары теңестіріледі.

Қолданыстағы