Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки и утверждения процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля

Қаулы · № 14-НҚ · қабылданған 28.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96854/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки и утверждения процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля Қолданыста Қаулы ·№ 14-НҚ ·28.11.2015
24.02.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки и утверждения процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля

Қолданыста Қаулы ·№ 14-НҚ · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки и утверждения процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля
Атауы (қаз.)
Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14-НҚ
Қабылданған күні
28.11.2015
Көрсетілген редакция
24.02.2023 96854_621316.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012499
ЭКБ идентификаторы
96854
Редакция идентификаторы
96854_621316
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:23

0 Сыртқы мемлекеттік аудиттің

және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандарттарын
әзірлеу мен бекіту
қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту қағидалары бекiтілсін.

2 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2015 жылғы 28 қарашадағы
№ 14-НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген
Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекітудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) рәсімдік стандарттардың сыныптамасы – рәсімдік стандарттарды кодификациялаудың құрылымданған жүйесі;

2

2) сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары (бұдан әрі – рәсімдік стандарттар) – сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге (рәсімдеріне, тетіктері мен әдістеріне) және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын рәсімдік талаптардан тұратын құжаттар.

2 2. Рәсімдік стандарттарды әзірлеу мен бекіту тәртібі

3 3. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына арналған рәсімдік стандарттар мыналар ескеріле отырып әзірленеді:

1 1) оларды әзірлеуге қойылған мақсаттарға сәйкестігі;

2 2) оларда жазылған ережелерді бір мағынада түсіну;

3 3) олардың ережелерін жазудың дәйектілігі мен тұтастығы;

4 4) өзі регламенттейтін мәнді толыққанды қамту;

5 5) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бұрын қабылдаған құқықтық (әдіснамалық) құжаттарымен өзара байланысын және келісілуін қамтамасыз ету, олардың ережелерінің қайталануына жол бермеу;

6 6) олардың ережелерінің орындалу сапасын объективті бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

7 7) барлық рәсімдік стандарттарда бірыңғай терминологияны қолдану және олардың бірдей түсіндірілуі.

4

4. Рәсімдік стандарттарды әзірлеу кезінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары (бұдан әрі – Стандарттар) мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер, Халықаралық жоғары аудит органдарының ұйымы (INTOSAI) қабылдаған жоғары аудит органдарының халықаралық стандарттарының (ISSAI) және аудит саласындағы басқа да халықаралық стандарттардың (бұдан әрі – халықаралық стандарттар) қолайлы талаптары ескеріледі.

5 5. Рәсімдік стандарттарды әзірлеу мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізудің қағидаттарын, рәсімдерін, тетіктері мен әдістерін, нәтижелерін ресімдеуді, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметтерінің бағыттарына қарай іс-шараларды айқындауды көздейді.

6

6. Жоғары аудиторлық палата рәсімдік стандарттарды әзірлеместен бұрын олардың тізбесін, оларды әзірлеу мерзімдерін, жауапты орындаушыларды қалыптастырады. Қажет болған жағдайда, рәсімдік стандарттың тағайындалуына қарай, Жоғары аудиторлық палата оны әзірлеу үшін сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық аудиторлық және халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құрады.

7 7. Рәсімдік стандарттардың тізбесін қалыптастыру немесе оған кезекті жоспарланған кезеңге арналған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер;

2 2) рәсімдік стандарттарды өзекті етудің қажеттілігіне байланысты, оларды іс жүзінде іске асыру кезінде туындайтын мәселелер;

3 3) халықаралық стандарттарға өзгерістер;

4 4) Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері мен құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары;

5 5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) ұсыныстары ескеріледі.

8 8. Рәсімдік стандарттардың тізбесі бойынша ұсыныстар жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірілмей, Жоғары аудиторлық палатаның әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.

9 9. Рәсімдік стандарттардың тізбесі Жоғары аудиторлық палатаның Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің отырысында қаралуға және мақұлдануға жатады.

10 10. Рәсімдік стандарттар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарының сыныптамасы (бұдан әрі – Сыныптамасы) ескеріле отырып әзірленеді.

11 11. Рәсімдік стандарттың құрылымы мынадай болады:

1 1) регламенттейтін параметрлер;

2 2) жалпы ережелер;

3 3) тақырыптық және басқа да бөлімдер (қажет болған жағдайда);

4 4) қосымшалар (қажет болған жағдайда).

12 12. Регламенттейтін параметрлер рәсімдік стандартты бекітетін Жоғары аудиторлық палатаның нормативтік құқықтық актісінің деректемелерінен, Сыныптамаға сәйкес кодтан және рәсімдік стандарттың атауынан тұрады.

«Жалпы ережелер» деген бөлімде рәсімдік стандарттың мақсаттары мен міндеттері, тағайындалуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының, Стандарттардың, халықаралық стандарттардың, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуді регламенттейтін құжаттардың тиісті ережелеріне, негізгі терминдерге (ұғымдарға) және оларға анықтамаларға сілтемелер ашып көрсетіледі.
«Тақырыптық және басқа да бөлімдер» деген бөлімде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың қағидаттары, тәсілдері, әдістері, рәсімдері, тетіктері және олардың нәтижелерін ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің бағыттары ашып көрсетіледі.
Әрбір рәсімдік стандарт үшін тақырыптық бөлімдердің атаулары олардың ерекшеліктері ескеріле отырып айқындалады.
«Қосымшалар» деген бөлімде рәсімдік стандартта сілтемесі бар нысандар мен құжаттар (ақпарат, кестелер, есептеулер, диаграммалар, материалдар) қамтылады.

41 Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту қағидаларына қосымша

Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандарттарының сыныптамасы
Рәсімдік
стандарттың коды
Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарының жүйесі
1
2
1-бөлім. Қызметті жоспарлау
001-099
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жоспарлау
2-бөлім. Сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу
100-499
Сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу
100-199
Тиімділік аудиті
101-199
Мемлекеттік басқару салалары және экономиканың салалары бойынша тиімділік аудитін жүргізудің ерекшеліктері
200-299
Сәйкестік аудиті
201-299
Мемлекеттік басқару салалары және экономиканың салалары бойынша сәйкестік аудитін жүргізудің ерекшеліктері
300-399
Қаржылық есептілік аудиті
302-399
Мемлекеттік басқару салалары бойынша қаржылық есептілік аудитін, шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізудің ерекшеліктері
400-599
Аудиттің мамандандырылған салалары
400-499
Тиімділік аудитінің мамандандырылған салалары
500-599
Сәйкестік аудитінің мамандандырылған салалары
600-699
Үшінші тұлғалардың жұмысын пайдалану
3-бөлім. Мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау
700-749
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау
750-799
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізетін аудиттің сапасын бақылау
4-бөлім. Қаржылық бақылау
800-899
Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары
5-бөлім. Сараптамалық-талдау қызметі және есептілік
900-999
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметі
6-бөлім. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы
1000-1099
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы

Қолданыстағы