Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности

Қаулы · № 200 · қабылданған 30.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96857/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 200 ·30.10.2015
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 200 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
200
Қабылданған күні
30.10.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2020 96857_441007.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012376
ЭКБ идентификаторы
96857
Редакция идентификаторы
96857_441007
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:48

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

2. «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) банктік қарызды ислам банкі берген жағдайда – Банктер туралы заңның 52-8, 52-9, 52-10 және 52-12-баптарында көрсетілген талаптар;»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 10-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы қаулының талаптары шарттың шет мемлекеттің құқығымен реттелетіндігі көзделген, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын кредитор банктердің қатысуымен синдикатталған қарыз беру жөніндегі шарттарға қолданылмайды.».

3 3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы