Об утверждении Правил разработки и оценки меморандума государственного органа, входящего в структуру Правительства Республики Казахстан, местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын (бұдан әрі – меморандум) әзірлеуге және бағалау жүргізуге қойылатын бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін әзірленді.
Тармақ 3
3. Меморандум Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін әзірленеді және мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.
Тармақ 4
4. Түйінді нысаналы индикаторлар азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағдарланатын және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсететін негізгі индикаторларды көрсетеді.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу тәртібі
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Меморандумды Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар) әзірлейді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік органдар жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдардың жобаларын әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге жібереді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар меморандумдарының жобаларын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші және екінші деңгейдегі құжаттарына сәйкес келуін түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бекітуі үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның келісу хаттары қоса берілген мемлекеттік органдар меморандумдарының жобалары ағымдағы қаржы жылының 15 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне екі данада енгізіледі.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдардың жобаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мүдделі мемлекеттік органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ілеспе хаттармен келісуге жібереді. Мүдделі мемлекеттік органдар және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар меморандумдарының жобаларын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші және екінші деңгейдегі құжаттарына сәйкес келуін түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бекітуі үшін мүдделі мемлекеттік органдардың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның келісу хаттары қоса берілген жергілікті атқарушы органдар меморандумдарының жобаларын ағымдағы қаржы жылының 15 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне екі данада енгізіледі.
Тармақ 8
8. Меморандум осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді. Меморандум мыналарды:
Тармақша 1
1) тиісті міндеттемелерді өзіне қабылдайтын лауазымды адамның тегін, атын, әкесінің атын;
Тармақша 2
2) түйінді нысаналы индикатордың атауын;
Тармақша 3
3) өлшем бірлігін;
Тармақша 4
4) түйінді нысаналы индикатордың алдыңғы жыл бойынша нақты мәнін;
Тармақша 5
5) түйінді нысаналы индикатордың ағымдағы жыл бойынша жоспарлы мәнін;
Тармақша 6
6) жоспарлы жылға арналған түйінді нысаналы индикатордың нысаналы мәнін;
Тармақша 7
7) түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуге (оларды орындауға) қажетті шараларды қамтиды.
Тармақ 9
9. Жоспарланған жылдың түйінді нысаналы индикаторының мәні ағымдағы жылдың жоспарлы мәнінен нашарлаған жағдайда, меморандумның жобасына түйінді нысаналы индикатор бөлінісінде меморандумның түйінді нысаналы индикаторлары бойынша нашарлау негіздемесі қоса беріледі.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның меморандумына тиісінше бірінші басшы, жергілікті атқарушы органның меморандумына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі қол қояды.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар меморандумының алдыңғы жылы орындалу қорытындылары туралы есептің негізінде жоспарланған жыл меморандумының түйінді нысаналы индикаторларына қол жеткізудің сабақтастығына, негіздемесіне, нақтылығына және алдыңғы жылмен және тиісті стратегиялық құжаттармен өзара байланысына (өсу мәндердің серпініне) талдау жүргізеді. Ескертулер болмаған жағдайда, меморандумның жобалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бекітуіне енгізіледі. Ескертулер болған жағдайда, талдау нәтижелерін және меморандумның жобасы бойынша ұсыныстарды түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі тиісті мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға одан әрі пысықтауға жібереді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар меморандумның жобасын бес жұмыс күні ішінде пысықтайды, қол қояды және ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бекітуі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қайта енгізеді. Меморандум республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бекітіледі.
Тармақ 13
13. Мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құжаттары қабылданған не бірінші және екінші деңгейіндегі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
Тармақша 2
2) мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның функциялары, құрылымы өзгерген;
Тармақша 3
3) түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуге әсер ететін республикалық немесе жергілікті бюджеттердің параметрлері өзгерген жағдайларда мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың меморандумдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі. Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тиісті жағдай басталғаннан кейін бір ай мерзімде мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органның меморандумына енгізіледі. Мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның меморандумына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оларды әзірлеу кезінде осы Қағидаларда айқындалған талаптар сақталады.
Тарау 3. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын бағалау тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын бағалау тәртібі
Тармақ 14
14. Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімде меморандумның орындалуы туралы есепті талдамалық жазбамен бірге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынады.
Тармақ 15
15. Талдамалық жазба:
Тармақша 1
1) жоспарланған және нақты қол жеткізілген түйінді нысаналы индикаторларды, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;
Тармақша 2
2) түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің елдің, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпаратты;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органның әрбір түйінді нысаналы индикаторға қол жеткізу немесе қол жеткізбеу туралы нақты тұжырымдарын қамтиды.
Тармақ 16
16. Меморандумның орындалуының қорытындысы туралы есеп:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның/облыстың, қаланың атауын;
Тармақша 2
2) түйінді нысаналы индикатордың атауын;
Тармақша 3
3) түйінді нысаналы индикатордың есепті жылдағы жоспарлы мәнін;
Тармақша 4
4) түйінді нысаналы индиатордың нақты мәнін;
Тармақша 5
5) түйінді нысаналы индикатордың орындалу пайызын;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органның түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу және қол жеткізбеу жөніндегі тұжырымын, сондай-ақ түйінді нысаналы индикаторға қол жеткізу бойынша ұсынылатын шараларды қамтиды.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері құзыреті бойынша мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың есептерін талдау негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меморандумдардың іске асырылуын бағалау бойынша қорытындыларды қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қарауына ұсынады. Меморандумның іске асырылуын бағалау жөніндегі қорытынды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның/облыстың, қаланың атауын;
Тармақша 2
2) түйінді нысаналы индикатордың атауын;
Тармақша 3
3) есепті жылдағы түйінді нысаналы индикатордың жоспарлы мәнін;
Тармақша 4
4) түйінді нысаналы индикатордың нақты мәнін;
Тармақша 5
5) түйінді нысаналы индикатор 30-%-дан астам артық орындалған жағдайда түйінді нысаналы индикаторға қол жеткізу дәрежесінің мәндерін 0,2 балға азайту арқылы айыппұл балдары көзделетін болады;
Тармақша 6
6) түйінді нысаналы индикатордың орындалу пайызын;
Тармақша 7
7) меморандумның іске асырылуын бағалау қорытындыларын қамтиды. Әрбір түйінді нысаналы индикаторға қол жеткізу дәрежесін есептеу іс жүзінде орындаудың (жақсару немесе нашарлау) жоспарланған мәнге арақатынасы арқылы жүзеге асырылады. Түйінді нысаналы индикаторларды жалпы бағалау барлық түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізудің орташа арифметикалық дәрежесі арқылы есептеледі.
Басқа 0-1. МЕМОРАНДУМ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидаларына 1-қосымша нысан Бекітемін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (Т.А.Ә.) 20__ жылғы «__»_________ МЕМОРАНДУМ Қазақстан Республикасының__________________________________________________ министрі/әкімі, (мемлекеттік органның/облыстың, қаланың атауы) _____________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік орган басшысының/облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 62-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, жоспарланатын қаржы жылында:
Тармақша 1
1) мынадай түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуге: Р/с № Түйінді нысаналы индикатордың атауы Өлшем бірлігі Алдыңғы жыл бойынша нақты мәні Ағымдағы жылдың жоспарлы мәні Жоспарлы жылға арналған нысаналы мәні 1 2 3 4 5 6 1. 2.
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның меморандумында көзделген түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуге оларды (оларды орындауға) бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді. (мемлекеттік органның бірінші басшысы/облыс/қала әкімі) __________(Т.А.Ә.) қолы МО Күні
Басқа 0-2. қорытынды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидаларына 2-қосымша нысан ______________________________________________ 20__ қаржы жылы (мемлекеттік органның/облыстың, қаланың атауы) бойынша меморандумның іске асырылуын бағалау жөніндегі қорытынды 20__ жылы _____________________________________________________________жасалған меморандум ___ түйінді нысаналы индикаторды қамтиды, ___________ жылдың нәтиже- лері бойынша ________қол жеткізілді және _______қол жеткізілген жоқ. (саны) (саны)
Тармақ 1
1. Жүргізілген талдауға сәйкес 20__ жылы мынадай түйінді индикаторларға қол жеткізілді/қол жеткізілген жоқ: Р/с № Түйінді нысаналы индикатордың атауы 20__ жылға арналған жоспарлы мәні Нақты мәні 30 %-дан астам артық орындалған жағдайда түйінді нысаналы индикатор дәрежесі мәндерінің азаюы (айыппұл балы) Орындалу % Меморандумның іске асырылуын бағалау қорытындылары 1 2 3 4 5 6 7 1. 2. _____________________________________________меңгерушісі ________(Т.А.Ә.) (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі қолы құрылымдық бөлімшесінің атауы) Күні