Об утверждении Типового положения о производственно-диспетчерской службе организаций гражданской авиации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о производственно-диспетчерской службе организаций гражданской авиации
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1030
- Қабылданған күні
- 02.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2015 96867_42833.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012357
- ЭКБ идентификаторы
- 96867
- Редакция идентификаторы
- 96867_42833
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:46
0 Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1 1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 02 қарашадағы
№ 1030
бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік
қызметі туралы үлгілік ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-52) тармақшасына сәйкес әзірленген және азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын өндірістік-диспетчерлік қызметі функциялары мен міндеттерін айқындайды.
2 2. Өндірістік-диспетчерлік қызметі өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, осы Ережені, сондай-ақ азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрықтарын басшылыққа алады.
3 3. Өндірістік-диспетчерлік қызметі басшылық етуді азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына тікелей бағынатын өндірістік-диспетчерлік қызметі бастығы жүзеге асырады.
4 4. Өндірістік-диспетчерлік қызмет штаты азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
2 2. Өндірістік-диспетчерлік қызметі міндеттері
5 5. Өндірістік-диспетчерлік қызметі міндеттері:
1 1) әуежай мен авиакомпания, аэронавигация, метео қамтамасыз ету қызметтері және басқа ұйымдар, соның ішінде ұшудың тәуліктік жоспарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесіне қызмет көрсету кезіндегі арасындағы өзара іс-қимыл процесін жедел басқаруды жүзеге асыру;
2 2) азаматтық авиация ұйымы қызметтерінің және бөлімшелерінің өзара іс-қимылын және ұшудың тәуліктік жоспарын қамтамасыз ету бойынша өндірістік қызметіне жедел басшылық етуді ұйымдастыру;
3 3) азаматтық авиация ұйымының қызметтері мен бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп, істен шығу жағдайларын, рейстердің кідіруін болдырмау бойынша жедел шаралар қабылдау болып табылады.
3 3. Өндірістік-диспетчерлік қызметі функциялары
6 6. Өндірістік-диспетчерлік қызметі функциялары мыналар болып табылады:
1 1) ұшудың тәуліктік жоспарына өзгерістер мен толықтырулар бойынша жедел шешімдер қабылдау, ұшу тұрақтылығының бұзылуын талдау және болғызбау;
2 2) ұшудың тәуліктік жоспарына сәйкес рейстерді орындайтын әуе кеменің ұшу алдындағы дайындық және ұшудан кейінгі қызмет көрсетудің технологиялық кестесінің орындалуын бақылауды, литерлік және бақылаудағы рейстерді дайындау және қызмет көрсетілуін бақылауды ұйымдастыру;
3 3) әуе қозғалысының басқару, әуе қорғанысы желісі бойынша ұшуды жоспарлау және қамтамасыз ету;
4 4) ұшуды орындау бойынша азаматтық авиация ұйымдары мен басқа да ұйымдардың қызметтерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
5 5) әуе кеменің жөнелтілу есебін және тұрақтылығын жасау;
6
6) экипаждарды ұшуға дайындау барысын бақылау, әуе кеменің экипаждарын межелі және запастағы әуеайлақтардың техникалық жай-күйі, межелі әуеайлақтардағы және ұшу бағыты бойынша шектеулер мен тыйым салулар туралы қажетті ақпаратымен, ұшуға шешімдер қабылдау үшін басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;