Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и Градостроительства Карасайского района"

Қаулы · № 11-957 · қабылданған 10.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96885/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и Градостроительства Карасайского района" Күшін жойған Қаулы ·№ 11-957 ·10.11.2015
03.10.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и Градостроительства Карасайского района"

Күшін жойған Қаулы ·№ 11-957 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и Градостроительства Карасайского района"
Атауы (қаз.)
"Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-957
Қабылданған күні
10.11.2015
Қолданысқа енгізілген күні
18.01.2016
Көрсетілген редакция
03.10.2016 96885_157702.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DK003611
ЭКБ идентификаторы
96885
Редакция идентификаторы
96885_157702
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:40

0 «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Оразалиевке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурса және аудан әкімдігінің интернет - ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Жұмәділге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қарасай ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 10 қарашадағы № 11-957 қаулысымен бекітілген қосымша
Қарасай ауданының «Сәулет және қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қарасай ауданының «Сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) аудан аумағында сәулет және қалақұрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3 3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4 4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5 5. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6 6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7 7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040900, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Өмірәлі көшесі, № 53.

9 9. Мемлекеттік органның толық атауы – Қарасай ауданының «Сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10 10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11 11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12 12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13 13. Бөлімнің миссиясы: аудан аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру.

14 14. Міндеттері:

1 1) аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

2 2) аудан аумақтары мен елді мекендерде қала құрылысын жоспарлау, ұйымдастыру және дамытуда қызметті жүзеге асыру.

15 15. Функциялары:

1 1) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2 2) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

3 3) аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

4 4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну;

5 5) заңнамада белгіленген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

6 6) жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

7 7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

16 16. Құқықтары мен міндеттері:

1 1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің жәнеаудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;

2 2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

3 3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

4 4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгілеген тәртіппен қарау;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17 17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18 18. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19 19. Бөлімнің бірінші басшысыныңҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20 20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1 1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2 2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3 3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4 4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5 5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;

6 6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

7 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21 21. Бірінші басшы өз орынбасарыныңөкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4 4. Мемлекеттік органның мүлкі

22 22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23 23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24 24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25 25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы